«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Гүлмира Ахметова: «Бизнестегі әйелдер жауапкершілікті жан-тәнімен сезінеді»

2016 жылғы 02 Наурыз
- Қостанай облысы
21474 просмотров

Әйел затын кәсіпкерлікпен айналысуға итермелейтін не нәрсе? Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу ме әлде өзін-өзі қалыптастыруға деген талпыныс па? Бұл сұрақтардың жауабын Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ филиалының директоры Гүлмира Ахматовадан сұрап білген едік.

– Гүлмира Асқарқызы, әйелдердің бизнеске араласуы қалыпты жағдайға айналды. Өзіңіз де сондай табысты әйелдердің алғы шебіндесіз. Нәзікжандылардың мұндай іспен айналысуына не түрткі?

– Әйелдер ер адамдармен теңескісі келеді, бар болғаны сол ғана. Бұл олардың қолынан келеді, статистика алдамайды: елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 41,5%-дан астамы – әйел адамдар. Біріншіден, бизнестегі әйел тиын санай алады, екіншіден әйелдің бастамасы ерлерге қарағанда соны идеяларымен, оны жүзеге асырудың әдістерімен ерекшеленеді. Объективті өмірлік жағдайларға бейім келетіндіктен, әйелдердің жауапкершілігі молырақ әрі тәуекелге көп бара бермейді, өзінің ішкі түйсігіне көбірек сенім артады. Сондықтан да, бұрын таза ерлердің ісі саналып келген қызмет саласын нәзікжандылар айтарлықтай табысты меңгере алады деп айтуға негіз бар.

– Сіздің ойыңызша, кәсіпкерлікте гендерлік қарсы қоюдың өзі орынды ма?

– Мен бизнес жынысқа бөлінбейді деп есептеймін. Барлығы адамның қабілетіне байланысты. Әйелдер өз қабілетіне, мінезіне сай келетін бағыттарға қызығушылық танытады. Бұл өмірде «өзіңді өзің табу» өте маңызды емес пе? Жүз пайыз қалыптасуға мүмкіндік беретін істің тетігін табу маңызды. Сондықтан, әйел кәсіпкерлікпен айналысуға бел байлаған болса, онда ол қолынан қандай іс келетінін, қаржысын қандай салаға салатынын алдын-ала екшеп алды деген сөз.

– Сонымен, қаржыны көбінесе қайда салады?

– Негізінен сауда ұйымдарындағы жұмыстар мен қызметтер саласына салады. Халық тұтынатын тауарларды өндіру мен тарату, туризм, сақтандыру саласы, жарнама, маркетинг. Мерекелік шараларды ұйымдастыру. Салық пен аудиторлық сала, өнер, шығармашылық...Бағыттар көп. Өз салаңды тапқанда ғана табысты бизнес құруға, атақты болуға, елдің көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік туады. Егер өз саласын таба алмаса, адам өз қабілетіне сенімсіздікпен қарайды. Жеке де, кәсіби де.

– Мақсатты дұрыс айқындау, бастапқы капитал – табысты бизнестің кейбір тіреуіштерінің бірі ғана. Оған тағы не кіреді?

– Білім. Көбінесе білімсіздік көп проблеманың негізі. Бұл заңды білу, кейбір салыққа қатысты мәселелер туралы білім, қаржылық сауаттылық. Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің негізгі міндеті де бизнеске жаңа келген әйелдерге көмектесу. Сондықтан біз мол дайындықпен оқыту тренингтеріне, семинарларға қатысып, бизнес-идеяларды қолдаймыз, кез келген сұрақ төңірегінде кеңес береміз.

– Өтемі бар ма?

– Кеңес жұмысының аясында біз алыс өңірлерге барып, әйелдермен кездестік. Сондағы байқағанымыз, көбі бизнес бастағысы келеді, өзін-өзі сынап көргісі келеді, кейбіреулерінің құлшынысы мықты. Алайда, менің әріптестерімнің байқауынша, оларды бір нәрсе ұстап тұр. Мәнісіне үңіле бастағанда, қарапайым ғана стимул, қандай да түрткі боларлық нәрсе қажеттігін аңғарасың. Кейде жай ғана жол көрсетіп, мысалдар келтіру керек болады. Бұл әсіресе талпынысы күшті жас қыздарға қатысты, олар білімді жақсы сіңіреді. Ойлары жүзеге асу үшін оларға жол нұсқап, дұрыс арнаға салу қажет. Сондықтан бастапқы жылы практикалық көмек берумен шұғылдандық. Мүмкіндігімізше тәжірибелерімізбен бөлісіп, бизнес-тренингтерге қатыстық. Кеңес құрамындағы 21 әйелдің әрқайсының бөлісерлік тәжірибелері де мол.

– Нәзікжандылар туралы қасаң қағидаларды бұзып, кәсіпкерлікке бетбұрғысы келетіндерге қандай кеңес бересіз?

– Нарық заңымен, заңнамалармен танысу. Тәуекелдікті алдын ала бағалау, қандай да бір жобаны жүзеге асыру барысында қандай мәселелермен бетпе-бет келетініңді жан-жақты ойластыру. Менің ойымша, алғашында осы да жеткілікті. Ал біз – Іскер әйелдер кеңесі барынша қолдап, көмектесеміз. Бұл енді біздің міндетіміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер