«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Сүт өзендері» мен бюрократиялық бөгеттер жайлы

2015 жылғы 29 Шілде
- Ақмола облысы
10035 просмотров

Аудандық ветеринарлық қызмет кәсіпкердің жолын бөгеуде

Ақмола облысы Шортанды ауданында кәсіпкер Сергей Чичулин сүт өндірісін дамытпақшы. Шағын болса да, жеке шаруашылығында өндірілетін сүт өнімі бар, ауданның сауда нүктелерінде сұранысқа ие.

Алайда «генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» деген ғой. Сергей елордадағы азық-түлік белдеуінің толық құқылы қатысушысы болмақшы. Ол үшін жүз бас сүтті сиыр сатып алуды, базасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Кредит қаражатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан алу көзделуде.

«Өндірістік қуаттылығы көлемді сүтті-тауарлы ферма ұйымдастырғым келеді. Барлық құжаттарды дерлік жинап қойдым. Сиыр тұратын база бар. Алайда бұл нысанға есептік-тіркеу нөмірін сұрап отыр. Ал оны ветеринария бөлімі береді, алайда мемлекеттік орган беруден бас тартып отыр», - дейді Сергей Чичулин.

Көмек Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Шортанды филиалынан келді. Сарапшылар мәселенің барлық қырларын зерттеп шығып, мемлекеттік орган тарапынан жасалған кідірісті орынсыз деп тапты. Ол үшін Палата филиалы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Келіссөздер барысында облыстық ведомстволарды да қосуға тура келді. Ақырында түйткіл шешімін тауып, кәсіпкер құжаттар пакетін жинап қойды және қаржыландыруды күтіп отыр. 

Палата қазіргі сәтте Сергейдің тағы бір мәселесімен айналысып жатыр. Жүза бас мал алу үшін, кәсіпкер өндірістік алаңдарды қамтамасыз етуі қажет. Қазір Палата сарапшылары жер қатынастары бөлімімен бірге бизнесменге беруге боларлық телім іздестіруде. Басқа жағдайлардағыдай, Сергей Чичулиннің болашақ жобасын толық сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.


Ұқсас жаңалықтар:

Кедергі болған «профилактика»
1 Қыркүйек
2015
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер