«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кедергі болған «профилактика»

2015 жылғы 01 Қыркүйек
- Қостанай облысы
13189 просмотров

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің «профилактикалық» шаралары қостанайлық кәсіпорындардың беделін түсіріп, айтарлықтай салмақты қаржылық шығынға ұшыратты

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен ойламаған жерден сәйкес емес сүт өнімі тізіліміне түсіп қалған «Милх» фирмасының басшылығы осылай деп мәлімдеуде.

Фирма аталмыш тізілімде тұрғаны жайлы Комитет емес, тіпті облыстық департамент те құлағдар қылмағанын айта кетейік. Астана, Алматы мен Қарағанды сатып алушылары көптің көңілінен шыққан сүтті қазақстандық супермаркеттер сөресінен таппай қойған. Мұндағы ритейлерлер оны тез арада сөреден алып тастауды шешкен.

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері Өскемен қаласындағы супермаркеттердің бірінен кейбір өнімдерді зерттеуге іріктеп алады. Соның ішінде қостанайлық «Новый день» сүті де болады. Тексеру кезінде ақуыз құрамы бойынша сәйкес келмеушілік анықталады: нормасы — кем дегенде 2,8, ал іс жүзінде — 2,4%.

Сүт өндірушілердің түсініруінше, тізілімде тауар топтамасы да, оны өндірген күн де көрсетілмеген, демек осы қорытындыны растау немесе жоққа шығару үшін, себебін анықтау үшін, өз бетінше бақылау жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Компания өкілдері жеке талдау жүргізуге шешім қабылдады. Осы мақсатта сүтті Астана қаласындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығына тапсырды. Мұнда ақуыз деңгейі қалыпта деген қорытынды берді, демек супермаркеттердің сатып алушылардың денсаулығына қауіптенуіне негіз жоқ. (Бір айта кететіні, Орталық нәтижелері күллі республика аумағында жарамды).

«Ақуыздың төмен не жоғары құрамы денсаулыққа қалай зиян келтіруі мүмкін? Оның орнына беделімізге қаншама нұқсан келтіріліп, қаншама зиян шектік. Қазақстанның ірі супермаркеттерімен жұмыс жасап келе жатқанымызға 10 жылдан асып кетті, ал енді лайықсыз өндіруші екеніміз күллі елге мәлім болды», - деп назаланады «Милх» ЖШС өкілі Елена Кох.

Дей тұрғанмен, фирма қызметкерлері өз шағымдарын жеке жолдай алған Комитет (тақырып «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында көтерілген еді): өңірлік ведомствоның қатаң түрде заң аясында әрекет еткенін мәлімдеп отыр. Санитарлық дәрігерлер сауда нүктелеріндегі өнім үлгілерін зерттеуге уәкілетті. Негізінде, сынау үшін импорттық тауарларды ғана алады, ал отандық тек 10% ғана. Осы жылдың наурыз айынан бастап республика бойынша 5208 жайғасым тексерілген, оның ішінде 2008 — белгілі бір нормаларға сәйкес емес деп танылған. Бірақ бір қызығы, мұндай тізілімге түсу — профилактикалық шара.

«Аталмыш тізбе тыйым салушы болып табылмайды, ол өнімнің күшейтілген бақылауға түсетінін білдіреді. Бізге күн сайын, әсіресе Ресейден, осындай өтініштер көптеп түсіп жатады. Тауардың құжаттарсыз, тиісті сертификаттарсыз келетін жағдайларынан хабардармыз. Сондықтан да, ритейлерлердің мұндай өнімге жауапкершілікпен қарауын қараймыз, одан артық ештеңе де емес», - деп атады ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Техникалық реттемелер мен санитарлық шаралар талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Нұрқан Сәдуақасов.

Комитет «Милх» фирмасымен арадағы жағдайда сатып алушылар денсаулығына келетін зиян жайлы  сөз болмағанын мойындады. Бірақ іс жүзіндегі және орамадағы ақуыз құрамының әртүрлі болуы – бұл тағамына нені қолданып жүргенін білуге құқылы тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі. 

Сатып алушы өзін алданып қалғандай сезінді деп айтуға да болмайды. Мұндай «профилактика» фирма қызметіне әсерін тигізді ме? Әрине. Бәсекелестік өсіп келе жатқанда әрі мемлекет отандық өндірушіні қолдауды көздеп отырған жағдайда мұндай әрекеттер өндіруші үшін тиімсіз.

«Өткізушілердің әрекеті белгілі. Бұл тіпті ұсыныс болса да оларға өнімді қабылдамай қоя салған оңай, себебі ертең мемлекеттік орган оларға келеді де «біз сіздерге ескерттік» дей салады! Сондықтан да сақтық жасаған оңайырақ. Ал бизнесменнің барып, адал ниетті екенін дәлелдеуі керек. Сонда қолдауы қайсы?!», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов талқылау барысында.

Комитет қызметкерлері хабарлағандай, компания тізілімде жыл соңына дейін тұрады, дегенмен алып тастауды жылдамдатуға да болады. Ол үшін кәсіпорынға тексерісті өз бетінше бастамалау қажет. Бұл ешқандай жауапкершілік шараларын тудырмайды. Нұрқан Сәдуақасов атап өткендей, «Милхпен» арада орын алған жағдайды жеке бақылауына алып, түйткілді шешуге консультация бере алады.

Дей тұрғанмен, бұл беделді қалпына келтіріп, ритейлерлер сенімін қайтаруға көмектесе ме — үлкен мәселе. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер