«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық бизнеске арналған өзекті жеңілдіктер

2015 жылғы 12 Тамыз
- Қостанай облысы
13059 просмотров

Қостанай облысының тоғыз кәсіпорны электр энергиясы мен магистральді темір жол қызметтеріне уақытша төмендетуші коэффициенттерін ұсынуға өтінім тапсырды. 2015-2016 жылдары Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспары аясында осындай шара көзделді.

Тарифтік жеңілдіктерді ұсынуға арналған өтінімдерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық Палаталар арқылы қалыптастырады. Бүгінде осындай шараға Қостанай өңірінен «Қостанай минералдары» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «СарыАрқаАвтопром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Аква-Арасан» ЖШС, «Мелькомбинат» ЖШС, сонымен қатар «Аруана - 2010» ЖШС мен «Сенат» ЖШС сеніп отыр.

«Қолданыстағы ережелер бойынша жеңілдіктерге сүйенген кәсіпорындар электр энергиясы тарифтері жайлы сөз болса, өндіріс көлемін ұлғайту міндеттемесін мойындарына алады, ал темір жол тарифтері жайлы айтылғанда, жүк айналымы көлемін ұлғайтады және жұмыс орындарын сақтап қалады», - деп баса көрсетті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы салалық бағдарламаларды талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Наталья Ткаченко.

Палатада сонымен қатар экономикалық мақсатқа лайықтылық мақсатында тізбеге тек қана темір жол тасымалы мен электр энергиясына шығынының үлесі өнімнің өзіндік құнынан кем дегенде 8% құрайтын кәсіпорындардың кіргізілгені хабарланды.

2015-2016 жылдары экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспары Үкіметтің сыртқы экономикалық факторлар салдарынан ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жол бермеу жөніндегі шаралар тізбесін қабылдауын көздейді. Оны Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП және уақытша төмендетілген коэффициенттерді ұсыну жөніндегі шешімдерді қабылдайтын Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетпен тығыз байланыста дайындайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер