«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Мехатроник: біреуінде үшеуі

2015 жылғы 29 Қыркүйек
- Қостанай облысы
14269 просмотров

Қостанай облысында биылғы жылдан бастап елімізде алғаш рет «ауылшаруашылық машиналары мен жабдық мехатронигі» мамандығына оқыту бастау алды

Мамандар халықаралық ынтымақтастық бойынша германдық қоғам қолдауымен (GIZ) дуалды жүйе бойынша, автомобиль көлігі колледжінде дайындалады.

Мехатроник мамандығы – бұл механик, электрик және менеджердің де өзінше бір қосындысы. Оның міндетіне ауылшаруашылық көлігі мен жабдығына қызмет көрсету және жөндеу ғана кірмейді, ол сонымен бірге оларды пайдалану, диагностикалау және заманауи электр жүйелерінің ақауларын жоюды, сонымен бірге сервистік жұмыс орындау саласындағы тапсырыс берушілермен коммуникацияны орындайды.

Шетелдік ауылшаруашылық техниканы өткізумен айналысатын «СТ Агро» компаниясында атап өткендей, фирма да, жалпы сала да мұндай мамандарға көптен бері зәру. Отандық колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері жаңа, жоғары өндірісті жабдық пайдаланылатын кәсіпорындар талаптарына жауап бермейді.

«Танымал неміс маркасындағы техникамыз электронды жүйелермен жабдықталған. Бірақ оны сатып алған соң баптайтын жан табылмайтыны рас. Кейбір шаруашылықтарда 20-30 машинадан бар, оған қашықтықтан бақылау мүмкіндігі қосылады, ал онда комбайндар жұмысын алыс режимде қадағалауға болады. Егер осының бәрін тиісті түрде пайдаланбайтын болсақ - техника өз әлеуетін ашпайды. Осы міндетті орындай алатын заманауи мамандар қажет», - дейді «СТ Агро» фирмасының бас менеджері Владимир Клоппертанц.

Фирма осы себептен студенттердің іс-тәжірибеден өтуі және кейін жұмысқа тұруы бойынша сәйкес шартқа қол қоя отырып, автожол колледжінің әлеуметтік әріптестері қатарына қосылды. Бұл қатардағылар - "АгромашХолдинг" АҚ, "ОХ Заречное" ЖШС, "Алтынсарино" ЖШС және "Евразия групп" ЖШС.

«Бүгінде оқу эксперименталдық режимде өтіп жатыр. Топта облыс қалалары мен аудандарынан келген 20 бала бар. Оқу жоспарларын колледж, дуалды оқу жүйесінде қабылданғандай, тікелей кәсіпорынмен бірге құрастырады. Процеске сонымен қатар аталмыш мамандық бұрыннан оқытылып жатқан германдық GIZ мамандары жетекшілік етеді», - деп атады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Зарина Көкжанова.

Бұл облыста германдық әріптестер және Кәсіпкерлер палатасымен бірге оқу орындары енгізіп жатқан жалғыз мамандық емес. Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінде 1 қыркүйектен бастап алғаш рет неміс стандарттарымен фермерлерді оқыту басталды.

«Мұндай студенттер (15 адам) дәстүрлі түсініктегі фермерлерге қарағанда мал шаруашылығын ғана емес, өсімдік шаруашылығын да тереңдетіп оқиды. Ақырында олар агроном, малшы және өсімдік өсіруші білімдерін игеріп шығады. Ауылшаруашылық техникасымен жұмыс жасау қағидаттарын білетін болады. Колледждің әлеуметтік әріптестері - «Аман-Терсек» және  «Агрофирма Диевская» кәсіпорындары,- деп баса көрсетті Зарина Көкжанова.

Бүгінгі күні дуалды жүйе 60 кәсіпорынның белсенді жәрдемімен Қостанай облысының 19 колледжі мен 2 жоғары оқу орнында енгізілген. Процеске 783 білімгер тартылған. Мамандар даярланатын негізгі салалар – бұл ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, тау-кен өндіру саласы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер