«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қазақтелеком байланысты қамтамасыз ете ме?

2015 жылғы 30 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
13378 просмотров

Техникалық дайын болмау және байланыстың жоқтығы Қарағанды облысы бойынша БКМ енгізуге мүмкіндік бермейді

Бақылау-кассалық аппараттар орнатуға тиіс кәсіпкерлердің 10% ғана Салық Кодексі бойынша жаңа талаптарды орындауға дайын.

Бір жыл бұрын қабылданған деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттарды қолдану қажеттігі туралы норма ертең күшіне енеді. Өңір бизнесмендері одан еш жақсылық күтіп отырған жоқ. Үлкен шығындар алда тұр – БКМ құны 93 мың теңге. Және де бұл ресімдеу және орнату процедурасына кететін шығындарды қоспағанда. Сонымен бірге облыстың шалғайдағы ауылдары мен аудандарында байланыс қамтамасыз етілмеген. Ал ол байланыс бола ма, белгісіз, себебі «Қазақтелеком» АҚ өкілдері кәсіпкерлермен кездесуге келуді қажет деп таппаған екен.

Бір айта кететіні, Мемлекеттік табыс департаменті объективті себептерге орай тексерістерді қатайтпауға уәде береді. Айыппұлдар кейін болады, бастапқыда тек ескерту жасалып, көпке созбауға ұсыныс беріледі.

Ал әзірше кәсіпкерлер өңірлік палата филиалдарына консультация сұрап шабуылдауда, не істеуіміз керек. Мүддені қорғау туралы ұжымдық өтініштер келуде.

Бүгінгі күні облыс бойынша 1097 БКМ орнатылған, тағы 4618 қажет.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук атап өткендей, сақтық жасап, жергілікті органдар тарапынан болатын «айлаларға» жол бермеу керек.

«Еш жақсылық күтіп отырған жоқпыз. Бізде үнемі кәсіпкерлердің соңында қалып қоя беретінін түсінеміз. Норма бар. Формалды түрде мемлекеттік табыс департаменті тексеріске барып, әрине, БКМ орнатпағандарды әкімшілікке жауапкершілікке таруы мүмкін», деп баса көрсетті ол.

Осы аптаның өзінде фискалдық органдар қызметкерлері тексеріске шығуы мүмкін. Сәл кейін кәсіпкерлер 30-100 мың теңге аралығындағы айыппұлдан жалтара алмайды. Ауылдық саудагерлерге ерекше қиын болғалы тұр. Жаңа үлгідегі касса аппараты шамамен 100 мың теңге тұрады. Шағын дүкендер үшін бұл тым қымбат ноу-хау, деп назаланады саудагерлер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер