«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауылдық кәсіпкерге 30 миллион теңге субсидия төленді

2015 жылғы 02 Қазан
- Қостанай облысы
12305 просмотров

Қостанайлық бизнесмендердің Кәсіпкерлер палатасына құқықтары мен мүдделерін қорғауды сұрап жүгінуі 25%-ға жиілеген.

Журналистерге арналған дәстүрлі брифинг барысында құқықтық блок сарапшылары осындай ақпаратты жеткізді.

Директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Самат Сәдуақасов атап өткендей, Палатаға өткен тоғыз айда кәсіпкерлерден заңды құқықтарын қорғауды сұраған 99 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 37 мәселе оң шешімін тапты.

«Соңғы мысалдардың бірі – субсидия алуға өтінім берген Қарабалық ауданындағы кәсіпорынның шешімін тапқан мәселесі. Алайда кәсіпорын қажет құжаттарды уақытында тапсырмады деген желеумен өтінім қабылданбаған. Басшы біздің аудандық филиалға жүгініп, облыстағы сарапшыларымыз да қосылып, аталмыш мәселені шеше алдық. Ақырында кәсіпкерге 30 млн теңге көлеміндегі субсидия төленді», - дейді Самат Сәдуақасов.

Жалпы, оның айтуынша, Палатада салық қатынастары саласындағы өтініштердің 5 есе өсуі байқалады. Негізгі себептер – алкоголь өнімін сақтауға және сатуға жыл сайынғы лицензиялық алымның енгізілуі, сонымен қатар деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды орнату қажеттігі. Мемлекеттік сатып алулар мәселесі бойынша өтініштер саны 3 есеге артты, көлік бақылау саласында екі есе. Жер қатынастары саласында, керісінше, келіп түскен шағымдардың аздап төмендеуі байқалады.

«Биылғы жылы сарапшыларымыз бизнесмендер құқығын қорғау бойынша 14 сот отырысына қатысқан. 8 іс кәсіпкерлер пайдасына шешілді. 64 млн теңгеден астам сомадағы қаржылай залалдың алдын алдық»,- деп жалғады сөзін Самат Сәдуақасов. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер