«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгеру қажет

2016 жылғы 11 Наурыз
- Қостанай облысы
12193 просмотров

Қостанай кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауына қатысуға шақырылып отыр

Жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық өнім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Былтырдан бастап байқау ұйымдастырушысы – «Атамекен» ҚР ҰКП. Өңірлік палата құжаттарды даярлауды созбауға кеңес береді, себебі биылғы байқау талаптары жоғары.

«Байқауға қатысу үшін өндіріс көрсеткіштері мен өндірілетін өнімдер ерекшеліктері бойынша құжаттар пакетін ұсыну қажет. Былтыр байқауға қатысқысы келген, бірақ қайсыбір себептермен дайындығы аз болып, өтінім беруге үлгермей қалғандар болды. Сондықтан, биыл бұл іске ертерек кірісуге шақырып отырмыз. Байқаудың көпжылдық беделін ескерсек, қатысушылар көп болары анық», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Роберт Юсупов.

Былтыр «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңіне өңірден 15 кәсіпорын қатысқан. Алғаш рет қатысып отырған компаниялардың республикалық жеңімпаздармен иық тіресе күш сынасудағы белсенділігі былтырғы байқаудың тағы бір ерекшелігі болды. Нәтижесінде қостанайлық «Аян-Озат» компаниясы мақсатына жетіп, «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясынан Қазақстан бойынша екінші орынды иеленген. Облыстық деңгейде көшбасшылар ретінде «ЕуразКаспианСталь» ЖШС мен «Сары Арқа Автопром» ЖШС танылды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атап өткендей, биыл байқаулар өзгеше форматта өтпек. Қатысушыларды ынталандыру шараларын қайта қарау көзделуде, сонымен бірге материалдарды алдын ала бағалау жөніндегі комиссияға кіретін сарапшыларды іріктеу критерийлері өзгертілмек. Шілдеден тамызға дейін байқаудың өңірлік іріктеулері өткізілсе, жыл соңында дәстүр бойынша республикалық сапа байқауларының қорытындысы шығарылып, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері анықталмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер