«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Көл-көсір көкөніс

2016 жылғы 21 Шілде
- Павлодар облысы
9502 просмотров

Ақтоғай ауданының еңбекқор тұрғыны өз жылыжайында дәмді әрі пайдалы көкөністер өсіреді

Ауа райы жағдайы Павлодар өңірінің тұрғындарына ашық топырақта өсетін жаңа піскен әрі дәрумендерге бай көкөністерді жыл бойы тұтынуға мүмкіндік бермейді.

Өңірдің қатаң құрлықтық климатын назарға алған Владимир Шабулдаев жылыжайда көкөніс өсірумен айналысуды ойынан шығармаған. Оның үстіне Ақтоғай ауылында осы уақытқа дейін көкөніс өсіретін жылыжай болмаған.

Алайда ол мұндай бизнесті қалай бастау және қалай ұйымдастыру керектігін білмеген. Бұл үшін ол егін шаруашылығы, жылыжай кешенін ұйымдастыру және жолға қоюға қатысты көптеген әдіснамалық оқулықтарды зерттеген. Климаттық жағдайлар бойынша өңірге жарамды тұқымдарды (көшеттер) таңдауда ауылдың байырғы тұрғындарынан кеңес алды.

Теориялық жағын толық меңгерген Владимир Федорович экономикалық шығындарды есептеумен айналыса бастаған. Міне, болашақ егінші осы тұста бұл істі өз қаражаты есебінен көтере алмайтынын түсінді.

2015 жылы Владимир Шабулдаев Кәсіпкерлер палатасының Ақтоғайдағы филиалына барған.

Палатаның аудандық филиалының сарапшылары бұл жобаға толық қолдау көрсетіп, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жөнінде кеңес берді, «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша оқытып, бизнес-жоспар жасауда қол ұшын созды, сонымен бірге «БЖК – 2020» бағдарламасы бойынша өтінім беруге атсалысты.

Міне, қазір «Шабулдаев» ЖК өнімдерін нарық бағасынан төмен бағаға сатып, ақтоғайлықтарды қуантып отыр.

Бұдан былай Владимир Федорович жылыжай ауданын арттырып, өз бизнесін кеңейтпекші.

«Филиалдың көмек беруінің арқасында мен өз бизнес-жобамды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. Мен өз ісімнен пайда ғана емес, жағымды әсер де аламын. Ал ауыл тұрғындарына айтарым: өз ісіңізді ашудан қорықпаңыз, себебі бізде бастаушы кәсіпкерлерге де, әрекеттегі кәсіпкерлерге де барлық бағыттар бойынша көмек ұсынатын орган бар», – дейді Владимир Шабулдаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер