«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Жиһаз шебері шерткен сыр

2016 жылғы 29 Шілде
- Павлодар облысы
9754 просмотров

Қай бизнесте болса да, ең бастысы өз клиентіңді таба білу керек деп санайды жиһаз дайындау шебері Абай Жолбарысхан 

Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысының дамуына қарай жиһазға сұраныс ұлғайды, соған сәйкес дайындау цехтары пайда болды. «Абай» ЖК жиһаз бизнесінде өз орнын тауып, нарықта нық жайғасқысы келеді.

«Бәсекелестік шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға ынталандырады.  Жиһаз өндірісі  тенденцияларын  қадағалауға,  әрбір клиенттің  талғамын түйсінуге тырысамын. Сұраныс және ұсыныс арасындағы оңтайлы теңгерімді табамын», – дейді ағаш ұстасы.

2015 жылы Абай Жолбарысхан кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Кәсіпкерлер палатасының Ақсу филиалынан кеңес алды. Мұнда жиһаз шебері «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыды, сонымен қатар жиһаз өндірісі бойынша жұмыс істеп тұрған бизнесті ұлғайтуға арналған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша мемлекеттің қажетті қаржылық қолдауын алды.

Бүгінгі таңда жиһаз өндірісі  табысты дамуда, жаңа өнімдер енгізілуде. Цехта төрт адам жұмыс істейді. Өндірісті одан әрі кеңейту жиһаз ісі шебері жоспарында тұр.

«Абай» ЖК жиһаз өнімін Ақсу тұрғындары және жақын  жатқан елді мекендердің тұрғындары жақсы бағалауда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер