«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Дауларды шешуде Арбитраж оңтайлы

2017 жылғы 01 Ақпан
9118 просмотров

«Атамекен» Төрелік орталығы – бұл іскер серіктестер арасындағы даудамайды шешудің заманауи және өркениетті әдісі.

Мемлекеттік сот жүйесіне қарағанда анағұрлым оңтайлы – төрелік ету әдісі бүкіл әлемде де кең тараған. Сондықтан бизнесмендер арасындағы дауды анағұрлым аз шығынмен әрі тез арада шешу мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Төрелік орталығы құрылған болатын. Палатаның Төрелік орталығы 1993 жылы ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы жанынан құрылған Халықаралық Арбитраждық сотының құқықтық иемденушісі: орталық дауларды объективті шешудегі бұрынғы дәстүрлерді толықтай сақтап, жалғастырып отыр.

Төрелік соттың қызметін пайдалану үшін кәсіпкер өтінішінің мәтініне алдын ала мынадай түсіндірмені қосуы шарт: «Осы келісімшарт негізінде туған барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанынан құрылған Төрелік орталығының қолданыстағы регламентіне сәйкес осы орталықта тиянақты реттелуге жатады. Келісімшарт бойынша туындаған немесе келісімшартпен байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Төрелік орталығында қаралады». Өтінішке қосымша ретінде мынадай түсіндірме қосқан жөн: «Төрелік құрамы (құрамында бір немес үш төреші болуы мүмкін). Төрелік істі қараудың өтетін жері (өтетін орнын – қаланы белгілеу). Төрелік істі қарау қандай тілде өткізіледі (тілді белгілеу). Осы келісімшарт (контракт) материалдық құқық нормаларымен реттеледі (қандай елдің нормалары екенін белгілеу)». Айта кетейік, орталықта даудамайлар отандық және шетелдік бизнесмендер арасында да болуы мүмкін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер