«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауыл шаруашылығы министрлігі бірыңғай аграрлық салық енгізуді талқылауға дайын

2018 жылғы 23 Ақпан
- Қостанай облысы
5557 просмотров

Қостанай облысының шаруалары Кәсіпкерлер палатасы арқылы салықты біріктіру бастамасын алға тартты

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін заңды тұлғалар шамамен салықтың 7 негізгі түрін төлеп отыр. Кәсіпорындардың бухгалтерлері оларды төлеу мерзімін шатастырмай, қателеспей, қай нысанға қандай салық төлеу керектігін түсінуі, салық есебінің түрлі формасын білуі, оның толтырылу тәртібін және т.б. білуі маңызды. Қателескен жағдайда кәсіпорынға айыппұл салынып, өсімпұл көбейіп, шотқа тыйым салынуы мүмкін.

«Салық процедурасын қысқарту үшін Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы, атап айтқанда Өңірлік кеңес төрағасы Василий Розинов шаруалардың пікірін жеткізу отырып, ауыл шаруашылығына бірыңғай салық салуды енгізуді ұсынды. Оған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер арналған салықтың барлық түрі, салық есебі беру мен төлеу жылына бір рет жүргізу енгізіледі. Бұл ұсынысты «Атамекен» ҚР ҰКП қолдады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде де бұл бастаманы талқылауға келісті, ол туралы Вице-премьер – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев хабарлады», – деді кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Ренат Дәулетпаев.

Қостанай облысы кәсіпкерлері өзге өңірлердегі бизнесмендермен бірге жасаған бастамасы ҚР Салық кодексіне енгізілгенін атап өту керек. Мысалы 2020 жылдан бастап салық дауы бойынша талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға азайту; ҚҚС бойынша ерікті есепке қою мүмкіндік шаруаларға басқа да қызмет түрлерін атқару мүмкіндігін (мысалы, ауылдың қарын тазарту, су тасу және тұрғын үйлерге жылу жүргізу) беру ұсыныстары енді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер