«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Талдықорғанда «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5767 просмотров

Өңірде жұмыс істейтін 10 компания республикалық байқаулар мен сыйлықтың лауреаттары атанды

Бүгін Талдықорған қаласында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы, «Қазақстанның үздік тауары»  республикалық көрме-байқауы, «Ұлы Дала елі» ортақ брендін иелену байқауы, «Бизнес кемелділік» халықаралық сыйлығы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі сыйлығының лауреаттары атанған Алматы облысы компанияларының еңбектері елеңді.

ҚР Президентінің «Алтын Сапа»  сыйлығының лауреаттары қатарында – «Алюгал» ЖШС және «Рыбпром» ЖШС, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының лауреаттары – «Шин Лайн» ЖШС, «Danone Berkut» ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Ұлы Дала елі» байқауының жеңімпазы – «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, «Парыз» сыйлығының лауреаттары – «Корпорация Жетысугаз» АҚ, «Novus Polimer» ЖШС, «Kaz Waste Conversion» ЖШС бар.

 Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және «Жетісу» отандық брендтің танылуына қосқан үлестері үшін кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

 Сонымен қатар салтанатты жиын барысында өңір басшысы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелері «Ернар» шаруа қожалығының атқарушы директоры Тасқын Жапаркұл және «Еркем-ай» балабақшасының директоры Жамал Оқаеваны мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер