«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Көлік логистикасы кедергі келтіруде

2019 жылғы 06 Ақпан
- Қостанай облысы
5543 просмотров

Жоғары көліктік тарифтердің салдарынан кәсіпкерлер Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім жасай бастады.

Теміржолда «тупиктері» бар кәсіпкерлер зардап шегуде. Кіреберіс жолды ұсыну бойынша қызмет көрсетуші кәсіпкерлер әр вагон үшін 20-40 мың теңге төлеуге мәжбүр. Осы мәселені кәсіпкерлер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевпен кездесу барысында көтерді.

«ЦТС» АҚ 2018 жылы теміржол учаскесінің иесі атанды. Қаладағы 30-дан астам кәсіпорынға апаратын темір жол осы учаскеден өтеді. Бұрын осы учаскеден өту үшін кәсіпорындар ҚТЖ-ға ештеңе төлемейтін, ал қазір  кәсіпкерлер «ЦТС» АҚ-пен келісімшартқа отырып, кіреберіс жолына вагон-киломтеріне 2250 теңге тарифы бойынша қызметке ақы төлеуге міндеттеліп отыр», – деді Қостанай облысы ӨКП директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

 Бұл тариф кәсіпкерлер үшін ауыр. Салыстыру үшін: қаланың сол ауданындағы тура осындай жолдардың иелеріне вагон-километр үшін 1000 теңге тариф белгіленген.

Бизнесмендер үшін «ЦТС» АҚ-тың есептеулері де түсініксіз. Кәсіпкер жолдың бір бөлігін ғана пайдаланса да компания бүкіл жол ұзақтығына төлеуді талап етуде. Мәселен, «Костанайнефтепродукт» ЖШС өзінің базасына вагон-цистерналарды жеткізгенде 300 метрді ғана алады, ал төлемді 2 километр үшін жасауға мәжбүр.

 «Логистика бізге кедергі келтіруде. Бұл қыруар шығын. Осыдан екі жыл бұрын көліктік шығындарға 500-600 млн теңге шығындасам, қазір 2,5 млрд теңге төлеуге мәжбүрмін. Бұл «ЦТС» компаниясына ғана қатысты емес. Тарифтер 5 есе ұлғайған! Осы ретте жергілікті вагондар жоқ, ресейлік вагондарды пайдаланып отырмыз», – деді «Асалия» ЖШС директоры Дулат Шаяхметов.

Бұл мәселе жергілікті  деңгейде шешімін таппады, сондықтан кәсіпкерлер орталық деңгейде «ЦТС» АҚ тағайындаған тарифті қайта қарауды сұрады. Азат Перуашев мәселені шешуге атсалысатынын жеткізді.  

 «Бірнеше жыл бұрын бұл мәселе көтерілген болатын. Әкімшілік істер қозғалды алайда сот талап арыздар қанағаттандырылмады. Барлығы пайда тапқысы келеді. Бірақ, тарифтер осылай өсе берсе, бизнесмендерге жұмыс істемеу әлде қайда оңайырақ болады. Сондықтан осы істің шешілуіне атсалысамыз», – деді Азат Перуашев.

Қостанайлық бизнесінің атынан тағы бірнеше ұсынысты ӨКП сарапшысы Жібек Сейітова жеткізді.

 «Кәсіпкерлер ҚР Салық кодексіне сілтемелі нормаларсыз жазба әзірлеуді сұрап отыр. Салық кодексінің күрделі мәтінін не бизнес, не салық органы қызметкерлердің өзі дұрыс түсінбейді. Кейде жергілікті тәржіма жоғары деңгейдегі түсіндірмеге сай келмей жатады», – деп түсіндірді Сейітова.

 Ауыл шаруашылығын өндірушілер сонымен қатар заңды тұлғалар үшін Бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізуді сұрайды. Бұл салық 8 салық түрін (корпоративті табыс салығы, жер салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік салығы, қоршаған ортаны эмиссиялауға салық, ҚҚС). Осылайша әуре-сарсаң азайып, уақыт үнемделеді.

 Азат Перуашев бұл ұсынысты қолдап, оны депутаттық корпусқа жеткізуге уәде етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер