«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңға өзгерістер керек

2019 жылғы 11 Ақпан
- Қостанай облысы
6472 просмотров

«Тауарды пайдаланып, қайтарып береді» осындай мәселемен жиһаз сатумен айналысатын «Малимоненко» жеке кәсіпкерлігінің директоры Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасына өтінім жасады

Жеке кәсіпкерліктің директоры Сергей Шнайдердің айтуынша, соңғы кезде клиенттер тауарды дүкенге негізсіз қайтарып беретін болған. Кәсіпкерлер негізінен мерекелер қарсаңында қиындық көреді – кейбір сатып алушылар жиһазды алады, пайдаланып, содан кейін оны дүкенге қайтарып, ақшасын алып кетеді.

 «Біз шығынға батып жатырмыз. Соңғы болған жағдайды мысалға келтірейін – бір келіншек матрас сатып алды. Үш күн өткен соң ол матрасты қайтарып берді. Оның айтуынша, матрас ыңғайсыз. Қайтарылған тауардың қаптамасы бұзылған, енді оны бастапқы бағамен сата алмаймыз. Біз осы тауардың құнына тең келетін басқа тауарды ұсынамыз, бірақ сатып алушылар келіспейді. Былтыр Наурыз мерекесінен кейін 6 үстелді қайтарды, біз тіпті мерекелерден қорқып қалдық», – деді Сергей Шнайдер.

Алақол сатып алушыларға мұндай мүмкіндікті «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңның 14-бабы   және 15-бабы беріп отыр. Кәсіпкерлер болса, беделдерін алға қойып, әдетте жағдайды сотқа дейін жеткізбей үшін тауарды қайтып алады. Нәтижесінде бизнес шығынға батады.

«Орындықтар, матрастар және жұмсақ жиһаздың мата негізі бар. Оны бір пайдаланған соң тауардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы бұзылады. Демек, мұндай жиһазды жаңа өнім ретінде сата алмаймыз. Өндіруші-фабрикалар да өнімді қабылдамайды», – деді Шнайдер.

Кәсіпкерлер бұл жағдайды алдын алу үшін «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңның 14-бабына пайдалану кезінде дененің ашық жерімен жанасатын өнеркәсіптік тауарды қайтаруға тыйым салатын өзгертулер жасау қажет деп санайды.

«Әрине, тұтынушылардың әрекеті алаңдатады. Әсіресе олар қайтарылған тауардың басқа тауар алудан бас тартуы үлкен мәселе. Меніңше, мәселені шешу үшін тұтынушының да, кәсіпкерлердің де мүддесін сақтайтындай «алтын ортаны» табу керек», – деді Кеңестің төрағасы Владимир Шакун.

Қазір бұл мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП бақылауында жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер