«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматыда дуальді білім беруді дамыту жөніндегі менеджерлер клубы құрылды

2019 жылғы 22 Ақпан
- Алматы қаласы
5376 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында кәсіпорындар мен колледждерді біріктірді

Дуальді білім беруді дамыту жөніндегі менеджерлер клубының құрамына мамандарды дайындаудың заманауи жүйесіне енген 100-ге жуық кәсіпорын кірді. Клубтың алғашқы кездесуі «Интеротель Астана» қонақүйінде өтті. Мұнда Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттері білімдерін шындауда.

 «2019 жыл 1 қаңтардан бастап республика бойынша 29 839 студент 2 555  кәсіпорын және 370 колледж базасында дуальді оқытуға қатысып жатыр. Алматыда да дуальді оқытуға қатысушылардың саны артты. Оңтүстік астанада дуальді білім беру жүйесі 28 колледж және 101 кәсіпорынды қамтыды. 1191 үшжақты келісімшарт жасалды, кәсіпорындардан 170 тәлімгер жұмылдырылған. Дуальді білім беруді дамыту жөніндегі менеджерлер клубы еңбек нарығына мамандардың дуальді оқыту бойынша дайындауда тілдесу, іскерлік қарым-қатынас орнату және идеялармен алмасудың тиімді алаңына айналмақ», – деді Алматы қаласы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин.

Дуальді білім беру жүйесінің жол картасын жүзеге асырудың тиімділігі туралы Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов айтты.

«Дуальді білім оқыту шеңберінде біз «Интеротель Астана» қонақүйімен ынтымақтастық орнаттық. 2016-2017 оқу жылында колледжіміздің 25 студенті аталған халықаралық қонақүйде практикалық тәжірибе алды. Оқу нәтижесінде 21 студент жұмысқа тұрды, екеуі декреттік демалыста, тағы екеуі шетелге кетіп қалған. Осылайша, кадрларды дуальді дайындау түлектердің 100 пайыз жұмыспен қамтылуын береді. Бұл Қазақстанның қазіргі заманғы индустриялық қоғам бағытындағы табысты экономикалық трансформациясына байланысты оқытудың ең жақсы әдісі. Мен «Club Hotels Grand Hause – интеротель Астана» ЖШС әлеуметтік серіктесімізге алғыс айтып, Палатамен бірлесіп өткізетін шаралардың маңыздылығын атап өткім келеді», – деді Ерұлан Қарағұлов.

 

Өз кезегінде дуальді білім беру дамыған елдерде мамандарды дайындаудағы сапаны арттырудың тиімді құралы ретінде танылған. Мұндай оқыту формасы Германия, Австрия, Швейцарияда кең таралған


Еншілес ұйымдар

Серіктестер