«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Базар кәсіпкерлері әлсіз интернеттің салдарынан бақылау-кассалық машиналарды қолдана алмай отыр

2019 жылғы 18 Наурыз
- Қостанай облысы
5088 просмотров

Базар кәсіпкерлері әлсіз интернеттің салдарынан бақылау-кассалық машиналарды қолдана алмай отыр

Қостанай қаласы Нариман нарығында сауда жасап отырған кәсіпкерлер тәрітп бұзушылар болып шыға келді. Биыл заң бойынша  кәсіпкерлер бақылау-кассалық аппараттарды орната бастады, алайда олар аталған машиналарды қолдана алмай әлек.  Бәріне кінәлі базар аумағындағы әлсіз интернет. Осындай түйткіл Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыланды.

 «Салық заңнамасына сәйкес 2019 жыл 1 қаңтардан бастап ашық сауда алаңдарында саудамен айналысатын кәсіпкерлер онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндетті. Бұл машиналар арқылы ақша есептері туралы ақпарат тікелей салық органдарына түседі. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасына Нариман нарығы кәсіпкерлерінен ұжымдық арыз келіп түсті. Олар бақылау-кассалық машиналар қажетті деңгейде жұмыс істемейді деп хабарлады», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Жібек Сейітова.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмыс тобын құрды, оған Мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақтелеком» АҚ қостанайлық филиалының өкілдері және Нариман базарының бастамашыл кәсіпкерлері қатысты. Мамандар келіп түсетін сигналдың деңгейін өлшеді, сигнал әртүрлі сауда павильондарында 22-ден 35%-ға дейін көрсеткішті құрады.

 Осы ретте егер осындай бұзушылық үшін ескертпе ғана алсаң, екінші рет айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері – 15АЕК (37 875 теңге), орта – 30 АЕК (75 750 теңге), ірі – 50 АЕК (126 250 теңге).  

  «Қазақтелеком» АҚ  қостаналайлық филиалының өкілдері кәсіпкерлерге өздерінің қалталарынан антенналар сатып алуды ұсынды. Алайда сатушылар қосымша шығындарды алғысы келмейді, өйткені осы жағдайда олардың кінәсі жоқ.

 Нәтижесінде жиынға қатысушылар әр сатушыға жекелей көңіл бөлу керектігі туралы шешім қабылдады. Барлығы құжатпен рәсімделуі үшін әр кәсіпкер «Қазақтелекомға» бутикте өлшемдерді алу бойынша өтініш жазады. Ары қарай мәселе Кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірге бақыланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер