«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Экология департаменті қостанайлық компаниядан 43, 5 млн теңге өндіріп алмақ

2019 жылғы 19 Сәуір
- Қостанай облысы
5548 просмотров

Бұл «DAR-TOMIR» ЖШС-ның қоршаған ортаға жасаған зардабының сомасы, деп санайды экологтар

Алайда, Аят өзеніндегі бөгетке жөндеу жүргізген компания тексеру нәтижесімен келіспейді. Бұған қоса бұл кәсіпорын жерге де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді : карьер топырақпен толтырылып, топырақтың құнарлы бөлігі қалпына келтірілді. Жуық арада көпжылдық өсімдіктерді егу жоспарланған.

43,5 млн теңге – айтарлықтай үлкен сома. Бұл бөгетті жөндеу бойынша жоба құнының жартысы. ЖШС өкілдері өз мәселелерімен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Владимир Шакунның жеке қабылдауына келді.

 Анық болғандай, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бәріне себеп болған, бұл лицензия жобалық-сметалық құжаттамамен қарастырылған. Компания қажетті құжаттарды рәсімдеуге тырысқан, бірақ мақұлдау үдерісі тым ұзақ болған, ал мерзімдер «күйіп» тұрған-ды. Сондықтан фирма түрлі инстанциялармен келіссөздерді тоқтатпай, бөгетті салуға қажет топырақты өндіруді жалғастырған.

 Нәтижесінде ЖШС-ның қолында, бір жағынан террияториясында карьер орналасқан «ССГПО» АҚ-тың топырақты өндіруге жазбаша мақұлдауы бар. Ал екінші жағынан – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 232-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бар (кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатта өндіру).

Бұл хаттаманы компания сотта дауламақ болған. Сотта «DAR-TOMIR» ЖШС өкілдері қоршаған ортаға жасалған залал толығымен өтелгеніне дәлелдер келтірді: карьер топырақпен толтырылды, топырақтың құнарлы қабаты қалпына келтірілді, жуық арада көпжылдық өсімдіктерді егу жоспарланған. Алайда бұл дәйектер бірінші инстанциялы сотты сендірмеді, шешім Экология департаменті пайдасына шығарылды...

ЖШС осындай шығындармен келісуден бас тартты, оның өкілдері апелляцияны дайындап қойды. Өз тарапынан Владимир Шакун шағымды талдап, шағым берушінің позициясын нығайту бойынша көмек беруге уәде етті. Заң беріліп қойған апелляциялық шағымға өзгерістер енгізуге рұқсат береді.

 «Бұл сот дауларының өзіндік категориясы. Мұндай арыздар әдетте қыруар қаражатты «өндіреді». Бірақ оң шешімдер практикасы да жоқ емес», – деп қорытындылады Владимир Шакун.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер