«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Зейнетке шығып, кәсіп бастады

2019 жылғы 24 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тағы бір азық-түлік дүкені ашылды. Оны «Бастау» жобасының түлегі ашты. Кәсіпті енді жолға қойған кәсіпкер Шалқар шипажай аймағының тұрғындары мен қонақтарына азық-түлік және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің табиғи өнімдерін ұсынады

 «Рахмет» азық-түлік дүкені жақында ашылған. Бірақ кәсіпкердің клиенттер базасы қалыптасып қалды. Саумалкөл ауылының тұрғындары мен қонақтары сапалы, балғын азық-түлікті алуға осы дүкенге келеді. Бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген азамат зейнетке шығып, кәсіпті қолға алды. Кәсіп ашудағы жоспар «Бастау» жобасы арқылы жүзеге асты.

 «Бастау» жобасы өте қызықты, қажет әрі ыңғайлы. Оқу ауылды жерде өтеді, қарапайым ауыл тұрғындарына оқу іздеп, қалаға барудың қажеті жоқ. Туыстарымның көбі кәсіпкерлікпен айланысып жүр. Қызметім аяқталған соң мен де кәсіп бастауды қолға алдым», – деді Андрей Авксентьев.

Кәсіпкердің дүкені ыңғайлы жерде – Шалқар көліне апарар жол үстінде орналасқан. «Бастау» түлегі сырттан келетін тауарлармен қоса, жергілікті ауыл шаруаларының да ет және сүт өнімдерін сатады.  

 «Несиелеу ережелеріне енген өзгерістерге байланысты, несие алу көктемнен күзге дейін созылып кетті. Басқа мәселе болған жоқ. Бизнес-тренер мен жобаның үйлестірушісі, Палатаның аудандық филиалының командасы жобаның жүзеге асырылуының барлық кезеңінде бізге қолдау көрсетті», – дейді Андрей Авксентьев.

Жуық арада облыста бизнестің тағы 143 нысаны ашылады. Осы аптада Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға үміткерлерден мемлекеттік грантты алу бойынша өтінімдерді қарайтын комиссияның кезекті отырысы өтті. Осы жолы 10 аудан және Петропавл қаласындағы «Бастау» түлектерінің жобалары мақұлданды. Бүгінде қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызмет дамып келе жатқанын атап өткен жөн.

«Телефондарды жөндеу, шаштараз, құрылыс-жөндеу жұмыстары және тырнақ күтімі қызметтері қатарына бүгін «қоспа-жент» ұлттық тағамын әзірлеу өндірісі, қазақ той көйлектерін тігу және мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ыдысты ұстайтын құрылғылар өндірісі қосылды», – деді СҚО ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Александр Бердниченко.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында шағын саябақ және балалар алаңы салынады. Кәсіпкер балалар автомашиналарын, попкорн және тәтті мақта дайындау аппараттарын сатып алуға 250 мың теңге кзлемінде мемлекеттік грантты алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер