«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында ауқымды скрининг басталды

2019 жылғы 24 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10727 просмотров

Сауалнаманы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізуде. Скрининг мақсаты –  бизнес және үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін анықтау, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға әлеуетті нишаларды табу және салалардың өңірлік даму бағдарламаларын құру

Скрининг барысында Кәсіпкерлер палатасы және әкімдіктер үй-үйді аралайды. Жалпы өңірде 224 881 үй шаруашылығы және 53 383 бизнес субъектісін аралау жоспарланған.

«Сауалнама кәсіпкерлер мәселесін барлық қызмет ету салаларында жан-жақты зерттеуге және көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жергілікті және жүйелі мәселелерге қатысты. Мәселен, импортты алмастыру бойынша мәселелерді шешу және отандық тауар өндірушілер өндірісін толық қуаттау, өткізу тізбектерін жолға қою, мамандар тапшылығын жою және мемлекеттік қолдау шараларын дұрыс бағыттау», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.

Деректерді алу өңірді дамыту бағдарламасын түзетудің негізі болады, деректер цифрландырылып, геопорталға енгізіледі. Облыстың әр ауданында бизнесті ашу бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді.

Жүргізіліп жатқагн скринингке қатысты барлық сұрақтар бойынша Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: Қостанай қаласы, әл-Фараби д-лы, 116, тел: 8 (7142) 39 42 08.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер