«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда 42 кәсіпорын «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесіне тіркелді

2019 жылғы 18 Қараша
- Қостанай облысы
9907 просмотров

Жоба Қазақстанның барлық облыстарында іске асырылуда. Ақпараттық-сараптамалық жүйені құрудың мақсаты – өңдеу өнеркәсібі саласында басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін деректерді жинақтау

 Ары қарай «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесінде мемлекет көрсететін барлық қолдау шараларды біріктіру жоспарланған. Жүйе тіркелген кәсіпорындарға лайықты шараларды оңайтылған қолжетімділікте автоматты түрде ұсынатын болады.

 «Сонымен қатар көршілес елдердің электронды мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік ұйымдастырылады – бірінші кезеңде  Ресей Федерациясына – қажетті маркетингтік талдауды және мүмкін қолдауды ұсынумен. Қостанай облысында жүйеге 190 кәсіпорын туралы мәлімет енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда жүйеге 42 кәсіпорын тіркеліп қойды. Болашақта жүйеге барлық қажетті деректерді тіркеу және енгізу фактісі  белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасын алу-алмау туралы шешім қабылдауға негіз болады деп болжануда», – деді Қостанай облысы ӨКП бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Жүйеге жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика өнеркәсібі және мұнай өңдеу, құрылысы индустриясы кәсіпорындары тіркеле алады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 1432 бірыңғай call-орталық жұмыс істейді, нөмір арқылы жүйеде формаларды толтыру жөнінде кеңес алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер