«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облыстық соты «Сервис КСТ» ЖШС-ны қолдады

2019 жылғы 04 Желтоқсан
- Қостанай облысы
10022 просмотров

Қостанай облысы әкімдігі 4 ай бойы кәсіпкерге атқарылған жұмыс үшін төлем жасамай келген, сот шешіміне сәйкес енді әкімдікке өз міндеттемелерін орындауға тура келеді. Осындай шешімді 3 желтоқсанда Қостанай облыстық сотының апелляциялық бөлімі қабылдады

 Естеріңізге салсақ, «Сервис КСТ» ЖШС-на қатысты даулы оқиға Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде талқыланды. Фирмаға әкімдік 80 млн теңге қарыз. Соның салдарынан кәсіпкер жұмысшылар, жеткізушілерге еңбекақы төлей алмай, жабылу алдында тұр. Осы ретте Орталық саябақ кіреберісін әрлеу бойынша жұмыстар уақытында аяқталды. Әкімдік сатып алулар жүргізуге өтінімді берудегі өзінің қателігі салдарынан келісімшартты бұзбақ болды.

 «ҚР Азаматтық кодексінің 401-бабына сәйкес келісімшарт, егер екінші тарап келісімшарттың шарттарын айтарлықтай бұзатын болса күшін жояды. Алайда орындаушы тарапынан бәрі дұрыс. Біздің пікірімізше, бұл ситуацияда кәсіпкерлік субъектісі қызметіне кедергі келтіру белгілері бар», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Наурызбай Бегіжанов.

Екі тарап та сотқа жүгінді. Әкімдік – келісімшартты бұзу туралы талап арыз жазса, кәсіпкер – атқарылған жұмыс актісін тану туралы арыз және оған қол қоюға мәжібүрлеу бойынша арыз жазды. Экономикалық сот Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арызын қабылдамай, ЖШС арызын қанағаттандырды. Бұл шешімге әкімдік шағым түсірмек болды, алайда сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер