«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодарда Кәсіпкерлер өңірлік кеңесінің сайлау нәтижесі жарияланды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Павлодар облысы
6731 просмотров

Сайлау кампаниясының қорытындысы бойынша 14 облыста, соның ішінде  Павлодар облысында өңірлік кеңестердің құрамы анықталды

Бүгін облыстық іріктеу комиссиясының қорытынды отырысы өтті, оның барысында өңірлік кеңестің сайлау нәтижесі жарияланды. Барлығы 1141 кәсіпкер мен қауымдастық өкілдері шілде айында басталған іріктеу науқанына қатысты. Павлодарлық 58 үміткер өңірлік кеңес мүшелігіне өз кандидатураларын тіркеді.

Өңірлік кеңес – Кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы. Оның құрамына облыста бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті ынталандыру және қолдау мақсатында кәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтырадың беделді өкілдері енген.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, сонымен қатар 12 облыстағы өңірлік кеңестер құрамындағы 436 орынға барлығы 1028 кандидат қатысты. Әр өңірге бақылаушы органдарға мүшелер саны бойынша квота кәсіпкерлік субъектілердің санына қарай 20-дан 35-ға адамға дейін құрады. Павлодар облысында Өңірлік кеңеске сайлау алғаш рет өтікізілді, мұнда әр кәсіпкерге сайлауға қатысуға мүмкіндік берілді. 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау жүргізілді, 25 шілдеден бастап 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы жүргізілді. Негізгі кезең – сайлау – 5-20 тамыз аралығында өтті.

Павлодар облысы бойынша vote.atameken.kz сайтында өткен сайлауға 6646 кәсіпкер қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Павлодар облысы Өңірлік кеңесіне анағұрлым көп балл жинаған 30 кәсіпкер өтті. Үгіт-насихат науқанында әр кәсіпкер өзінің сайлау алды бағдарламасын дайындап, өңірде бизнес ахуалды жақсарту шараларына қатысты өз жоспарымен бөлісті.

Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кеңестер құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандар, моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкрелерден құралды.

«Өңірлік кеңестің басты мақсаты – кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуде билік пен бизнес арасында тиімді диалог құру. Өткен құрам мүшелеріне өңірдегі бизнес дамуына үлес қосқаны әрі атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ біз белсенді болған және таңдаулы кандидатқа дауыс берген барлық кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Біз үшін әркімнің дауысы маңызды, өйткені бүгін жасалған таңдау  ертең бизнестің өзекті проблемаларын көтеру мен қорғауды кім қолға алатынын шешеді», – деді өңірлік ірікету комиссиясының төрағасы Нұрлан Нәбиев.

 Павлодар облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы:

Облыс орталығынан

аты-жөні

ұйым атауы

дауыс саны

1

Сатабаева Райхангүл Қайырбайқызы

 «Сатабаева Р.Қ.» ЖК жетекшісі

       558

2

Ахметова Жанара Жұмашқызы

 «Дильназ» ЖК жетекшісі

       344

3

Теренченко Илья Сергеевич

«ГЕРМЕС-ТРЕЙД-ПВ» фирма ЖШС, құрылтайшысы

       307

4

Әбенов Ерқанат Қайратұлы

«EXPORT UK» ЖШС директоры

       259

5

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы

 «Blue-Star.PV» ЖШС құрылтайшысы

       235

6

Арынов Ербол Сейтахметұлы

«АЕС Промстрой» ЖШС директоры

       207

7

Желнов Михаил Анатольевич

«АЙСБЕРГ ПВ» ЖШС директоры

       190

8

Қурумбаев Айдар Сәрсенбайұлы

«Кәусар» ЖШС жетекшісі

       174

9

Ахметов Асқар Дүйсенұлы

«TKR HOLDING» ЖШС директоры

      153

10

Құсманов Бауыржан Құмарұлы

 «Zerek Technologies» ЖШС директоры

      142

11

Дяк Аурика Георгиевна

«СОМ-ПВ» ЖШС директоры

      137

12

Горбачев Павел Викторович

«ТАНДЕМ-ПВ» ЖШС директоры

      126

13

Биятов Берік Мұхамбетқалиұлы

  «ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС директоры

      124

14

Барт Анастасия Викторовна

«ТРИ КОТА Ж» ЖШС директоры

      118

15

Әбенов Иса Махмұтұлы

«Абкен» ЖШС директоры

      113

16

Ширин Сергей Анатольевич

«Экопром» ЖШС директоры

      103

17

Веретнов Игорь Викторович

 «Делика» ЖШС директоры

       84

18

Шілдебаев Нұрбол Мұратұлы

 «ERTIS BUSINESS ASSOCIATION» кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ, атқарушы директоры

       78

Моноқалалар мен аудандардан

аты-жөні

ұйым атауы

дауыс саны

1

Ыбраев Жанат Хамитұлы

 «КӨКТӨБЕ» ШҚ» ЖШС директоры

       548

2

Садуақасов Серік Телманұлы

«Анара» ФҚ басшысы

       468

3

Қазылова Гүлзира Абзалқызы

«Акжар Өндіріс» агрофирма ЖШС директоры

       251

4

Шапуов Қайрат Қайырбекұлы

«Қайрат» ШҚ басшысы

       209

5

Бейсембинов Амангелді Талапкерұлы

«ТАЛАПКЕР» ШҚ басшысы

       208

6

Сейтахметов Қанат Төлегенов

«БОЛАШАК» ЖШС директоры

      164

7

Алпысбаева Глюзя Альфисовна

«Алпысбаева Г.А.» ЖК жетекшісі

      154

8

Ахметов Ерғали Қабдрашұлы

«Ахметов Е.Қ.» ШҚ "басшысы

      131

9

Жүсіпов Қалқаман Айтбайұлы

«АСПАН» ШҚ басшысы

      111

10

Рамазанова Жамал Жұмабекқызы

«ЕНБЕК ЖОЛ» ШҚ басшысы

      108

11

Наукенов Ғадыл Негматұлы

«ОЙНАҚ» ФҚ басшысы

       80

12

Сәрсекеева Раушан Айдрахметқызы

«Сарсекеева Р.» ЖК жетекшісі

      63

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер