«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай кәсіпкерлері негізсіз ілінген қарызды өтемейді

2020 жылғы 22 Қыркүйек
- Қостанай облысы
7214 просмотров

Жарнамалық жазбалар үшін 1200-ден астам кәсіпкерге салық бойынша қарыз тағайындауға себеп болған деректердің барлығы қайта тексеріледі

Еске салсақ, өткен айда қостанайлық бизнесмендер үлкен қарыз сомалары көрсетілген хаттарды алды. Хабарламаларда 2019 жылдан бергі жарнамалық жазулар үшін тағайындалған салық бары жазылған. Осы ретте бизнес-нысандарға ешкім келіп, ешқандай ескертпе-ұсынымдар бермеген.

 Наразы бизнесмендер Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінді. Жағдайды зерттеген ӨКП заңгерлері бұл тағайындаулар негізсіз жасалғанын анықтады. Заң бойынша мемлекеттік органдар нысандарға барып, профилактикалық бақылау жүргізуге міндетті, соның нәтижесі бойынша ұсынымдар жасалуы керек. Осы ұсынымдар негізінде кәсіпкер бұзушылықтарды жойып, немесе оларға қарсы наразылық білдіре алады. Алайда бизнес субъектілеріне мұндай мүмкіндік берілмеген.

Осыған байланысты 3 тамызда Кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдары және Мемлекеттік қызмет істері департаментіне Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет бөлімі жасаған бұзушылықтарды белгілеп хаттар жолдады.

 Алайда 21 қыркүйекте сәулет бөлімі Қостанай кәсіпкерлеріне «бұл қарыз автоматты түрде тағайындалғанын, қарыз деректерді толық тексерген соң жойылатыны» жайында мәлімдеме жасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер