«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

1 қарашадан бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті таңбалау енгізіледі

2021 жылғы 12 Қазан
- Қостанай облысы
9362 просмотров

1 қарашаға дейін аяқ киім импорттаушы мен өндіруші компаниялар markirovka.kz сайтында тіркелуі тиіс. Таңбалау жүйесіне кодтарды шығару үшін өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Әйтпесе, кәсіпкерлерге үлкен айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мамандары еске салды.

 «Цифрлық таңбалауды енгізу көлеңкелі бизнеспен күрес шараларымен байланысты қолға алынды. Бастапқыда таңбалауды 1 шілдеде енгізу керек еді, алайда «Атамекен» ҚР ҰКП мерзімдерді ұзартуды сұрады, өйткені кәсіпкерлер жаңа енгізілімге дайын емес еді. Қостанай облысында аяқ киім өндіруші кәсіпорындар жоқ, бірақ тауарға Data Matrix-коды бар стикер немесе заттаңба салуға міндетті импорттаушылар көп. Таңбалауды тікелей өндірісте немесе Қазақстан аумағындағы кеден қоймасында жасауға болады. Кодты аяқ киімге немесе қаптамаға енгізуге болады», – деп түсіндірді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

 Генерацияланған код және Naqty Onim арнайы мобильді қосымша арқылы сатып аулшылар тауар туралы мәлімет алып, сапасын біле алады.

 Бір жұп аяқ киімге бір кодтың құны 2,68 теңге. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының есептеулері бойынша өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалау шығысы аяқ киім құнының 0,1-2,5%-ын құрайды.

Роберт Юсупов атап өткендей, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап таңбалауы жоқ кез-келген аяқ киімді сатуға тыйым салынады. Бұл ретте 2022 жылғы 1 қарашаға дейін аяқ киімнің тауарлық қалдықтарын оңайлатылған процедура бойынша таңбалауға болады.

 Еске салайық, Қазақстанда тауарларды міндетті таңбалау өткен жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр. Data Matrix-коды темекі өнімдерінде болуы тиіс. Әрі қарай дәрі-дәрмек, сүт, алкоголь, текстиль әне басқа өнімдерді таңбалау жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер