«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы ашық болуы тиіс

2021 жылғы 28 Қазан
- Қостанай облысы
7535 просмотров

Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде айтылды.

Кеңес жұмысына прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері, сондай-ақ осы жұмыстарды орындайтын ЖШС өкілдері қатысты.

«Бизнес өкілдерінен Қостанай қаласының көшелерін күтіп-ұстауға шарттарды орындау кезінде проблемалардың туындағаны туралы сигнал түсті. Бұл салада соңғы бірнеше жылда сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған», – деп атап өтті Қостанай облысы ӨКП директоры Данияр Күзенбаев.

 Бүгінде қалаға 5 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Әрқайсысына аумақ бөлінген. Осы ретте учаскелер шекарасын бөлу туралы шешім жеке-дара қабылданады.

 «Осы салада адами фактор сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады», – деп санайды Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Владимир Шакун.

Мердігерлер айтқан негізгі шағымдар бірнеше тармақтан тұрады –  бюджет қаражатының біркелкі бөлінбеуі, келісімшарттарға қол қою мерзімдері және сәйкесінше төлемдер және белгіленген бағалардың нарықтық бағаларға сәйкес келмеуі.

«Мердігерлер қала көшелерін күтіп-ұстау бойынша 40-тан астам жұмыс түрін орындайды. Биыл бағалар – көшелерді белгілеу және қала аумағынан қоқыс шығару бойынша екі қызмет түріне ғана ұлғайтылды», – деді «Конгломерат.КЗ» ЖШС директоры Роман Канава.

 Бұл жағдайда нарық өз шарттарын талап етеді. Жанармай, қосалқы бөлшектерге баға өсуде.

 «Биыл біз 180 млн теңгеден астам сомаға техника сатып алдық. Автопарк жаңартылды, бірақ келісімшарт мерзімі – бір жыл, сонымен қатар 3 ай ұзарту мерзімі. Біз үшін бұл лотерея сияқты – айтарлықтай шығындар бізге жұмыс істейтінімізге кепілдік бола алмайды. Сондықтан шарттық міндеттемелердің мерзімі 2 жылға дейін ұзартылуы тиіс. Бұл жағдайда жауапкершілік артып, бизнес өзін қауіпсіз сезінеді», – деді Роман Канава.

 Кеңеске қатысушылар шағымдардың көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында ашықтық болмауынан туындайды деген пікірге келді.

«ТКШ саласының қоғамдық мониторингі белгіленген мәселелердің бір бөлігін шешуге көмектеседі. Бұл механизмдер құрылған және басқа салаларда тиімді жұмыс істейді. Бұдан басқа, ТКШ жұмысында «Ikomek-ті» қолдануды кеңейту қажет», – деп сендірді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің өкілі, қалалық мәслихаттың депутаты Арсен Жетпіспаев.

Кеңесте кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде қабылданған барлық ұсынымдар орындалғаннан кейін, кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты шарттарды талдау және бұл мәселені тағы бір рет қарау туралы шешім қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер