«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай ауданында жапон тәжірибесі сыналып жатыр

2022 жылғы 10 Ақпан
- Қостанай облысы
5867 просмотров

Бұл тәжірибені Қазақстанда да қолдана бастады.Қостанай ауданының Октябрьское ауылдық округі өңірде жаңа бастаманы іске асыру үшін пилоттық жоба болып таңдалды. Мұнда ауыл тұрғындары сауалнаманың екі турынан өтті. Оның шеңберінде кәсіпкерлер ауылда бизнесті дамытуға не кедергі келтіретіні, өз кәсібін ашу кезіндегі алаңдаушылығын айтты.

 Округ әкімі Асылхан Жүрсіналин кез-келген жобаны оқудан бастау керек деп санайды. Сондықтан ауылдық округ тұрғындары үшін алғашқы семинар корпоративтік кәсіпкерлік тақырыбына арналады.

«Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашып, адамдарды бизнес әлеміне тарту маңызды. Ол үшін «Атамекен» ҰКП-ның көптеген адамдарға өз кәсібін бастауға көмектескен құралдарын да пайдаланатын боламыз», – деп атап өтті Қостанай облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Венгерская.

 Кездесуге қатысушы, жеке ешкі фермасын ашқан Полина Назарова бұл бастамадан жаңа мүмкіндіктерді көреді. Бірегей ферме 2012 жылы пайда болды. Осы уақыт ішінде өндірілетін өнім ассторименті артты. Мұнда сүттен бастап, балмұздаққа дейін шығады. Жоба аясында жұмыс істеп жатқан және кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлерге маркетинг, өнімді өткізу құралдары бойынша оқыту жүргізілетінін атап өткен жөн.  

«ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да формалардың қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазыбек Шайх ақпанның соңында жоба қатысушыларымен кездесу өткізіп, корпорацияларды құрудың заңнамалық негіздері және табыстың жаңа мүмкіндіктері, әлемдік үрдістер мен қалыптасқан дәстүрлер туралы семинар өткізеді.

 Кәсіпкерлер палатасының Қостанай ауданындағы филиалының директоры Манарбек Казин палата өкілдері бизнеске арналған түрлі бағдарламалар механизмін пайдалану бөлігінде оқуды ұйымдастыруға қатысатынын атап өтті. Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап іске қосылып, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде іске асырылып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер