«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Тасымалдаушы кәсіпорындарға субсидия төлене бастады

2022 жылғы 11 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12118 просмотров

Петропавл қаласының әкімдігі қала ішінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерге 300 млн теңгеден астам қаражат төлемеген.

Бұл 2021 жылы қоғамдық көлік тасымалына шығынды маршруттар үшін берілетін субсидия сомасы. Осыған байланысты тасымалдаушылар Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап жүгінді.

«СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, 2020 жылғы 11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен облыстың әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесі анықталды. Оған бірқатар қалаішілік маршрут кірген. «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңының 19-бабына сәйкес, егер белгіленген тарифтер жолаушыларды тасымалдаудың тиімділігін қамтамасыз етпесе, онда жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялайды. Алайда, өткен жылы тасымалдаушылар өздеріне тиесілі 307,3 млн теңге көлеміндегі субсидияны ала алмады.

 «Кәсіпкерлердің айтуынша, субсидия уақытында берілмеуі салдарынан  жаңа автобустарды сатып алу шарттары бойынша тасымалдаушылардың ай сайынғы төлемдерін уақтылы төленбей қалады. Осыған байланысты лизинг берушілер кәсіпкерлерге айыппұл салады. Сонымен қатар, жанармай құны күрт қымбаттады, бұл кәсіпкерлердің қызметіне теріс әсер етті. Мұның салдары билет құнының артуына негіз болады.  Бұл ретте белгіленген сараланған тариф тасымалдаушының барлық шығындарын толық көлемде өтемейді», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.

 Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының өтінішін қарап, Палата тасымалдаушылар және қала әкімдігімен бірлесіп, Петропавл қаласының жолаушылар тасымалы саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жол картасын әзірлеп, бекітті. Келіссөздер барысында уәкілетті орган 10 ақпанда кәсіпкерлерге пайда болған берешектің бір бөлігін төлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

 Кеше автотасымалдаушылардың шотына алғашқы төлемдер түсе бастады.

 «Бұл қала ішінде жолаушы тасымалдаушылар үшін өзекті мәселе болған еді. СҚО кәсіпкерлер палатасының көмегі арқасында 10 ақпанда тасымалдаушылар өздеріне тиесілі субсидияның алғашқы төлемдерін ала бастады. Қазіргі кезде уәкілетті орган пайда болған берешектің 60 пайызын төлеп қойды», – деді «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.

Жол картасында жолаушылар тасымалы саласының тағы бір өзекті проблемасы – кадр жетіспеушілігін шешу бойынша жұмыс тобын құру мәселесі де қарастырылды. Сондай-ақ оларды одан әрі оңтайландыру мақсатында қалалық маршруттық желілерге талдау жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер