«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Төралқа Ұлттық палатаның даму векторын талқылады

2022 жылғы 06 Сәуір
9266 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Төралқа мүшелерімен Ұлттық палатаның негізгі даму векторлары және өңірлерде микро және шағын бизнестің рөлін күшейту мәселесін талқылады.

 ҰКП қызметін трансформациялау шеңберінде өңірлерде микро және шағын бизнестің рөлін күшейтуге басымдық бермек. Ұлттық палата жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеп жатыр. Бағдарлама блоктарының бір бөлігі Алматы қаласында тестілеуден өтіп, кәсіпкерлердің оң бағасны алған.

 Сонымен қатар бизнесті қорғау тәсілдемелері де қайта қаралады.

 «Әзірге біз заң агенттігі ретінде жұмыс істеп жатырмыз. Енді тәжірибені жалпылау жоспарға қойылған. Қалалардан кейін бұл үлгіні аудан орталықтарында іске асыру оңайырақ болады. Ол үшін бас прокуратура, сотпен жұмыс қайта форматталады. Жұмыс орталық деңгейде ғана емес, сондай-ақ өңірлерде жүргізіледі», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

 Салалық сараптама сапасын, соның ішінде бизнес-қауымдастықтармен сапалы жұмыс жүргізу және ҰКП мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге бастама жасау арқылы жақсарту жоспарланған.

 Салалық қауымдастықтар, кәсіпкерлердің өңірлік кеңестерінің өкілдері «Атамекен» ұйымдастырушылық құрылымы, комитеттер мен салалық қауымдастықтар рөлін күшейту мәселесін бернеше рет көтеріп келді .

 Төралқа мүшесі Геннадий Шестаков бірден бес шараны: қауымдастыққа ҰКП департаменттерін басқару құқығын беру, комитеттер санын беске дейін қысқарту, сондай-ақ қауымдастықтарға мүшелікті барлық кәсіпкер үшін міндетті етуді ұсынды.

«Атамекен» қауымдастықтардың қауымдастығы болуы тиіс», – деді спикер.

ҰКП Төралқасы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы Мейрам Пішембаев ҰКП мен қауымдастықтар арасындағы модельдік келісімшарттарды қайта қарауды ұсынды.

Төралқа мүшелері өңірлік кеңестер төрағаларын, қоғам қайраткерлерін және бизнес-омбудсменді Төралқа құрамынан шығару жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

 «Барлық мәселе талқыланады, оларды жұмыс топтарында үнемі көтеріп отырмыз. Пікірлер екіге бөлінгенін айтқым келеді. Комитеттердің рөлі күшейтіліп, олардың шешімі Палатаның позициясы болады және  еш өзгеріссіз мемлекеттік органдарға жіберіледі», – деді Төралқа төрағасы.

 Сонымен қатар жиында ҰКП-ға тән емес қызметтер: «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету, сертфикаттар беру және жоғары оқу орындарының рейтингін құру мәселесі де талқыланды. ҰКП-да осы функциялардан бас тарту ықтималдығы қызу талқылануда.

Райымбек Баталов осындай кездесулерді екі аптада бір рет өткізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер