«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Тимур Құлыбаев заңсыз қызмет істейтін такси жүргізушілерін жақтады

2017 жылғы 04 Желтоқсан
18369 просмотров

Ұлттық палата басшысы заңсыз такси жүргізушілері де Қазақстанның азаматтары және табыс табуға құқылы екендіктерін Астананың көлік саласы қызметкерлерінің есіне салды

Астана әкімінің елорда бизнес-қоғамдастығымен кездесуінде сөз сөйлеген Көлікшілер қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов жолаушылар тасымалына лицензия беруді өзін-өзі реттеу ұйымдарына табыстауды ұсынды. Мұнымен қоса ол заңсыз жұмыс істейтіндермен күресу керектігін айтты.

«Тимур Асқарұлы, заңсыз жұмыс істейтіндермен күресуде өз тәсілімізде ұсынғымыз келеді...», - деп сөз бастады Астана көлікшілер қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.

Ұлттық палата басшысы баяндамашының сөзін тоқтатып, заңсыз такси жүргізушілері де Қазақстанның азаматтары және табыс табуға құқылы екендіктерін еске салды.

«Олардың рұқсат алуы үшін патент төлеулеріне, уақытында техникалық тексеруден өтулеріне келісімге келу керек. Кімнің тасымалдағанының қандай айырмашылығы бар? Сіздерде жаңа көлік бар делік, сіздер сапамен ұтуларыңыз керек: мысалы, жүргізуші ағылшын тілін білуі керек, гид ретінде де қызмет атқару керек. Бірақ көпшілік аз төлеп, қарапайым ғана көлікпен жетуді қалайды. Әрине техникалық жағынан қауіпсіз болуы керек. Барлығымыз да Астанада табыс табуға болатынын, өзге қалалардан қатынайтынын түсінеміз. Біз барлығы да бір таксимен жүреді деп олардың кеудесінен итере алмаймыз ғой», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер