«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ақтөбеде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында апта сайынғы тренингтер басталды

2024 жылғы 29 Ақпан
- Ақтөбе облысы
5722 просмотров

Тақырыптық бағыт әйелдердің Орталыққа бірінші рет келген кезде өздерінің сауалнамалық деректерінде көрсететін сұраныстарынан анықталады. Орталық 2022 жылдан бастап кәсіпкерлер палатасы жаныннда жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлік бастамалары бар әйелдерге арналған қысқа мерзімді шеберлік-класстар, семинарлар мен тренингтер — Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетілетін қызметтердің бағыттарының бірі. Олардың барлығы әйелдердің қаржылық, құқықтық, экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Мәселен, бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын іске асыру аясында «Қалай сенімді спикер болуға болады» тақырыбында тегін тренинг ұйымдастырылды. Спикер — CICERON ораторлар мектебінің негізін қалаушы Меруерт Салманова. Айтпақшы, ол палатаға өзі келіп, бизнеске жаңадан келгендерге тегін жаттықтырушы қызметін ұсынды. Осылайша, әлеуметтік сана мен жинақталған тәжірибені басқаларға жеткізуге деген ұмтылысты көрсете білді.

Іс-шараның алдын ала хабарландыруы өңірлік «Атамекеннің» әлеуметтік желілерінде болды. 50-ге жуық ақтөбелік қыз-келіншек жазылды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызмет алушылары болып табылады, өз ісін дамытып, мұндай оқытуды жібермейтіндер.

Айта кетейік, ай сайын жаңа топ үшін «Атамекен» ӨКП сертификатталған бизнес-жаттықтырушысы Ержан Нұрғалиев «Кәсіпкерлік негіздері бойынша экспресс-курс» өткізіп тұрады.

Тренинг барысында кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы, персоналды басқару психологиясымен байланысты тақырыптар, сондай-ақ бизнес-жоспардың тұжырымдамалары мен құрылымдары толық ашылады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері тартылады.

«Семинарлар мен тренингтерге қатысу, сондай-ақ олар туралы ақпарат алу үшін Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына келіп, алдын ала консультациядан өтіп, сауалнама толтырған жөн. Жергілікті жерде кез келген клиентке Орталықтың көрсетілетін қызметтерінің тізбесі, оларды алу шарттары ұсынылатын болады. Жыл басынан бері 62 әйел Орталықтың қызметің пайдаланып, кеңес алған. Ментор (тәлімгер) жобаларды сүйемелдеуге 20 адам өтінім берді. Сондай-ақ, салалық бағыттар бойынша ұзағырақ курстарға өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатқанын қосқым келеді. Өткен жылы сауалнама көрсеткендей, нан — тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру, тігін өндірісі, сондай-ақ сұлулық индустриясы саласы сияқты оқытулар сұранысқа ие болып жатыр», - дейді Ақтөбе қ. ӘКДО менеджер-кеңесшісі Нұргүл Абдулина.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының барлық қызметтері өтеусіз негізде көрсетіледі. Орталық Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, 1 қабат мекенжайында жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: +7 701 241 30 13.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер