«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Екіжақты кездесу: ҰКП алаңында мұнай-газ секторы саласындағы ынтымақтастық талқыланды

2024 жылғы 23 Шілде
1798 просмотров

ҰКП алаңында компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Тюмень облысы Сауда-өнеркәсіп палатасымен кездесу өтті.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаментінің басқарушы директоры Мұратбек Маханов, «Мұнай-газ кластері» қауымдастығының даму жөніндегі директоры Александр Васильев, «Тюмень облысы СӨП» одағының вице-президенті, СЭҚ орталығының директоры Екатерина Ульянцева және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаментінің директоры – басқарушы директор Мұратбек Маханов Палатаның қызметі, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.  

Кездесу барысында компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

«Тюменьнефтетехнология» ЖШС бас директоры Марсель Кадыров Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрылғанын атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 Кездесу соңында М.Маханов әріптестіктің өзара тиімді қарым-қатынастарын нығайтуға тілектестік білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер