«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматыда Өңірлік кеңеске сайлау басталды

2025 жылғы 27 Қаңтар
- Алматы қаласы
781 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

27 қаңтар - сайлаудың бірінші күні Туризм жөніндегі, Білім және денсаулық сақтау жөніндегі және Қаржы институттарының салалық Кеңестерінен Өңірлік кеңес мүшелері сайланды.

Үміткерлер мен бақылаушылар дауыс беру процесіне бастан-аяқ қатысып, үзіліссіз бейнежазба жүргізілгенін атап өтті.  

Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесіне салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтар атынан сайлауға түсуге ниет білдірген үміткерлерден 43 өтінім берілді. Олардың барлығын өңірлік сайлау комиссиясы қарады, комплаенс-бақылаудан, сондай-ақ Ұлттық палатаның Орталық сайлау комиссиясының рәсімдік және құжаттамалық тексерісінен өтті.

Сайлау қажетті кворумы қамтамасыз етілуімен, жабық түрде дауыс беру арқылы өтті. Сайлауға қатысқан өңірлік сайлау комиссиясының өкілдеріне және үміткерлердің өздеріне процестің ашықтығын байқауға толық мүмкіндік берілді.

«Әрқайсыңызға екі бюллетень берілді. Біреуін салалық кеңестен тіркелген үміткерлер үшін белгілейсіздер, екіншісінде аккредиттелген қауымдастықтардан тіркелген үміткерлер тізімінен таңдау жасайсыздар. Дауыс беру қорытындысын өңірлік комиссия сайлау соңынан, барлық дауыстарды санағаннан кейін бірден жариялайды», - деп еске салды «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.

«Біз барлық үш салалық кеңестің сайлау процесінде болдық. Комиссияның ескертулері жоқ. Залда толық бейнежазба жүргізіліп тұрды, жазба сақталады. Өңірлік кеңестің негізгі міндеті - бизнес мәселелерін шешу үшін берік платформа құру. Және ол солай болатынына сенімдімін. Дауыс берудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша біз салалық кеңестерден үміткерлердің өз бағытында нағыз сарапшылар болып табылатынына көз жеткіздік және өңірлік кеңестің құрамында іскер қоғамдастықтың игілігі үшін жемісті жұмыс істейтініне күмәніміз жоқ», - деп атап өтті өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымы депутаты Бақытбек Жұмабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер