«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматы қаласының Өңірлік кеңесі: жаңа құрам – жаңа көзқарас

2025 жылғы 08 Ақпан
- Алматы қаласы
238 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда кәсіпкерлер палатасы жанындағы жаңадан құрылған Өңірлік кеңес алғашқы басқосу өткізді.  Оған ірі, орта және шағын бизнес атынан қаланың дамуына, тұрғындар өміріне және жалпы бизнестің дамуына тікелей әсер ететін ең салмақты 30 кәсіпкер кірді.

  • Өңірлік кеңестің 80 % - жаңа тұлғалар.
  • Бизнестің барлық сегменттерінің 30 өкілі 4 ірі, 7 орта, 19 шағын кәсіпорынның басшылары.
  • Аталмыш кәсіпорындар қала тұрғындарына 9 мыңнан астам жұмыс орнын қамтып отыр.
  • Олардың тек өткен бір жыл ішінде шаһар бюджетіне салған төлемдері 5,5 млрд. теңгеден асты.

Өңірлік кеңестің бұрынғы құрамының жұмысы ел болып қиындықтарды өткерген кезге түсті. Барлық дағдарыстар мен тұрақсыздықтарға қарамастан айтарлықтай нәтижеге жетті:

• 2020 жылы кәсіпкерлік субъектілерді салықтан және тексеруден үш жылға босатуға ықпалын тигізді.  

• 2022 жылы зардап шеккен бизнестерге өтемақы төленуіне бастамашы болды.

 • Бизнестің дамуына кедергі келтіретін 10 000-нан астам қажетсіз заңнаманың күшін жоюға ықпалдасты.

«Өңірлік кеңестің жаңа құрамы - мықты тұлғалар, тұрақты кәсіпкерлер және белсенді қоғам қайраткерлері. Олардың әрқайсысы Қазақстанның патриоты болып табылады. Мен оларға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде шыдамдылық, әрі кәсіпкерлікті дамытудағы жұмысында өнімді, нәтижелі көрсеткіштерге жетуін тілеймін», - деп атап өтті алдыңғы шақырылымдағы Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев.

Жаңа кеңестің алдында тұрған сынақ аз емес: салық реформасы, шектеулерді төмендету, қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдауда нақты бағдарламалар құрып жүзеге асыру.

Күн тәртібіндендегі алғашқы сауалдардың бірі – төраға сайлау. Кеңес мүшелері бірауыздан Алматы палатасын 2023-2024 жылдары басқарған 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер, қала мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты Нұрсұлтан Шоқановқа дауыс берді.

«Қазіргі уақытта бізде бірнеше бастамалар бар: біріншісі – туризм, оны қаламыз үшін басым сала ретінде қарастырған жөн. Екіншісі - сауда. Бізде 410 мың кәсіпкердің тек 15 пайызы ғана бір салықтан артық төлейді. Бизнеске арналған сервистерді цифрландыруды жүргізу, шешімдерді бағдарламаларға ресімдеу қажет. Бізге сыртқы сауда қызметін дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және оның әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық саясатты дұрыс қалыптастыру қажет. Біз бизнеске қандай пайда әкелетінімізді реттей отырып, Үкіметтен бизнесті одан әрі дамыту үшін қажетті бағдарламаларды қабылдауды талап ете аламыз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Сондай-ақ, бірінші отырыста Өңірлік Кеңес күрделі кадрлық шешімдер қабылдады.

Өңірлік палатаның директоры лауазымына қазір аппарат басшысының қызметін атқарып отырған Шыңғысхан Мамановтың кандидатурасын қолдады.

Шағын бизнесті дамыту және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары лауазымына Әлібек Оразов ұсынылды.

Кандидаттардың екеуі де бизнес және мемлекеттік құрылымдарда тәжірибесі бар басшылар.

Бірінші отырыста Кеңес салық заңнамасының жобасын және оның жекелеген тармақтарын талқылай бастады. Олар бойынша ұсыныстарды келесі аптада, екінші отырыс барысында енгізуге ниетті. Сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітуді ұйғарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер