«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Цифрлық туризм – 2025: IT шешімдер қазақи нақыштағы демалыстарды қалай өзгертеді

2025 жылғы 24 Сәуір
633 просмотров

Бұл туристік қызметтердің әрізділігін жойып, жоспарлаудан бастап орналасуға және кері байланысқа дейінгі саяхаттаудың негізгі кезеңдерін интеграциялауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласында өткен «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумында туризм индустриясы мен қонақжайлық саласындағы технологиялық шешімдер мен трендтер жайыл айтылды. Форумды Kazakh Tourism және отандық «Pana» компаниясы Travel startups қоғамдастығының қолдауымен ұйымдастырды. Ауқымды шара 300-ден астам қатысушыны тоғыстырды. Оның ішінде Қазақстандағы және таяу шетелдегі туристік бизнестің, технологиялық компаниялардың, стартаптардың және inDrive, Яндекс, Mastercard, Sabre, Mapster өкілдері бар.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 8 тілде қолжетімді Kazakhstan.travel туристік порталы, әуежайларда QR-код жүйесі және eQonaq қонақтарды тіркеу платформасы жұмыс істейді. Алайда, туристің цифрлы жолы әлі де толық қалыптаспаған. Бұл ұялы байланыс операторлары мен электрондық төлем жүйелері секілді жаңа дереккөздерді біріктіру қажеттігін көрсетеді.

Осы мәселелерге жауап ретінде шарада стартап-питчинг сессиясы ұйымдастырылып, туризм саласындағы 30 инновациялық IT-жоба ұсынылды. Бұл «Атамекен» ерекше назар аударатын ШОБ пен технологиялық бастамаларды қолдаудың маңыздылығын растайды. Байқау қорытындысы бойынша жасанды интеллект негізіндегі «Alem» мобильді гиді жеңімпаз деп танылды. Жоба командасы 5 миллион теңге ұтып алды. Екінші және үшінші орындар жылжымайтын мүлікті жалға беруді автоматтандыратын «ApartX» технологиялық платформасына және туристік қызметтерді тіркеуге және сатуға мүмкіндік беретін «Tourismkaz.kz» онлайн сервисіне берілді.

Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан бойынша тұрғын үйді брондауға және туристтік демалудың сан түрлі шешімдеріне арналған PanaApp мобильді қосымшасының таныстырылымы. Биометриялық сәйкестендіру, орналастыру нысандарын басқаруға арналған CRM жүйесі және Key-Free технологиясы платформаның артықшылығы болып табылады. Қосымшада мүлікті бүлдіру немесе шу туғызатын іс-шаралар өткізу ықтималдығы жоғары күмәнді брондауларды сүзгіден өткізу және бұғаттау механизмдері қарастырылған. Сонымен бірге, компания турбизнесті қолдау үшін 100 000 АҚШ долларына дейін венчурлық қор құруды жоспарлап отыр.

Іс-шараның серіктесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Дамиля Бақыткерейқызы атап өткендей, форумды ұйымдастырушылар – отандық «Pana» компаниясы мен Kazakh Tourism-нің қызметі бизнестің туризм саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған маңызды оқиғалар мен жобаларды өз бетінше бастауға қабілетті екенін көрсетеді.

«Мұндай өзін-өзі ұйымдастыру және жаңашылдыққа деген ұмтылыс ақпан айында Мемлекет басшысымен өткен кездесуде қолдау тауып, елімізде инновациялық технологияларды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланған болатын. Сондықтан таңдалған вектор – цифрландыру – біздің туризмнің бәсекеге қабілеттілігі үшін стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Ал, цифрлық туризмнің күшті экожүйесін құру үшін басталған кәсіпкерліктің трансформациясы мен дамуына белсенді қолдау көрсету қажет», - деді «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры - Туризм департаментінің директоры  Дамиля Бақыткерейқызы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер