«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Семейде құрылыс мамандықтарына арналған халықаралық фестиваль өтті

2025 жылғы 28 Мамыр
- Абай облысы
959 просмотров


Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК және облыстық Білім басқармасының бірлесуімен Семей қаласында «Құрылыс өнері» тақырыбындағы құрылыс мамандықтарының халықаралық фестивалі өтті. 
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өткен аталмыш фестивальға қаладағы колледждер, кәсіптік білім беру мекемелері, жергілікті билік өкілдері мен құрылыс саласының кәсіпкерлері және шет мемлекеттен келген қонақтар қатысты. 
Фестивальдің басты мақсаты — құрылыс саласындағы мамандықтардың маңызын насихаттау, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және жастарды осы бағытта оқуға, еңбек етуге ынталандыру болды.
Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Рахмет Адамбаев фестивальдің ашылуында сөз сөйлеп, құрылыс саласының ел экономикасындағы орны мен болашағы туралы айтып өтті. 
Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға құрылыс саласындағы заманауи жетістіктер, жаңа технологиялар мен материалдар таныстырылып, маман даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды. Колледж студенттері мен оқытушыларына шеберлік сағаттары мен тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылды.
Абай облысы кәсіпкерлері мен оқу орындары арасындағы байланысты нығайту — фестивальдің тағы бір маңызды міндеті болды. Кәсіпкерлер тарапынан жастардың білімі мен тәжірибесіне деген сұраныс айтылып, дуалды оқыту, өндірістік практика және жұмысқа орналасу мәселелері де сөз болды.
Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да осындай бастамаларға тұрақты түрде қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өңірдегі құрылыс саласына серпін беріп қана қоймай, жастарды осы салаға тартуға оң ықпал етеді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер