«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жеке меншік үйірмелер - тығырықта: Бизнес қауымдастық балаларға арналған жобаны жетілдіруді талап етті

2025 жылғы 05 Маусым
1670 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын жеке қаржыландыру жобасын талқылау бойынша жиын өтті. Бұл жобаның мақсаты — ұйымдарға тікелей емес, тек бала қатысатын үйірмелер мен секциаларға төлеу.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру және бос уақытты ұйымдастыру қызметтерін жеткізушілер салалық сарапшылар қатысты. Бизнес айтуынша, бұл заңбұзушылық, салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілермен қайшылықтардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Бұған қоса, бұйрық жобасы еке орталықтар, үйірмелер, секциялар сияқты бизнес өкілдерімен алдын ала талқыланбады. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің наразылығы келесіде:

- демалыс қызметін көрсететін ұйымдарды білім беру мекемелеріне теңестіру үшін заңды себептер жоқ;

- жеке және мемлекеттік қызмет жеткізушілер арасындағы теңсіздік;

-тараптар арасында жауапкершіліктің тең бөлінбеуі;

- қолданыстағы нормативтік актілерде қарастырылмаған талаптарды енгізу;

- жобаны жүзеге асыру аумақтарында облыстық деңгейдегі ұйымдардың қатыса алмауы.

Осылайша, жиынға қатысушылар ұсынылған ережелердің бизнес мүдделерін ескермей, асығып қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл жағдай кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына және нарықтан шығып кетуіне әкелуі мүмкін.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті мемлекеттік органдарға жобаға жедел түрде өзгерістер енгізуді жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар, тиісті бұйрыққа қажетті өзгерістер енгізіп, жобаны жүзеге асыру ауқымын республикалық дәрежеге көтеру мақсатында республикалық жұмыс тобы құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер