«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістанда кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды: әкімшілік кедергілер мен қаржылық міндеттемелер күн тәртібінде

2025 жылғы 24 Шілде
- Түркістан облысы
113 просмотров

Түркістанда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды Кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев жүргізді. Шараға кеңес мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде: «TURAN» АЭА АҚ мен оның Қатысушылары арасындағы келісім-шарттан туындаған дау, Арыс қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі жеке меншік білім беру ұйымдарының алдындағы берешегі, Сауран ауданы, Шаға а/о әкімдігінің жеке кәсіпкер С.Мадалиеваның жер телімін құжаттандырудағы созбалаңдыққа салу әрекеті, «Жасыл қала» ЖШС-і мен «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС арасындағы келісім-шарт негізінде туындалған даулы мәселені өзара бітімгершілікке келу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Жиын барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған нақты ұсыныстар айтылып, жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер