«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Семейде бақылаушы-қадағалаушы органдардың «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді

2025 жылғы 17 Қыркүйек
- Абай облысы
154 просмотров

25 қыркүйек күні Абай облысы, Семей қаласында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың (Абай көшесі, 86) акт залында кәсіпкерлік қауымдастық алдында бақылаушы-қадағалаушы органдардың «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді. Іс-шараның басталуы – сағат 10:00.

Кездесудің басты мақсаты – бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасында ашық диалог орнату, тексерістер мен рұқсат беру рәсімдеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолданыстағы заң нормалары бойынша практикалық түсіндірмелер беру.

Іс-шара барысында уәкілетті органдардың өкілдері өз жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде ақпарат ұсынып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді. Кәсіпкерлер тек өздерін толғандырған сұрақтарын қоюмен шектелмей, өңірде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын да айта алады.

«Бірыңғай есеп беру күні» мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалог пен серіктестік қатынастарды нығайтудың тиімді алаңына айналды.

Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірдің іскер қауымын алдағы іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174