«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

2025 жылғы 17 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
310 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері мен «Paryz» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы басшыларының кездесуі өтті.

Жиында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын дамыту, үшжақты комиссия жұмысын жетілдіру, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың әлеуетін күшейту сияқты мәселелер талқыланды.

«Құрметті әріптестер, кездесу барысында еңбек саласындағы өзекті мәселелер, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолдары, сондай-ақ жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы талқыланады. «Paryz» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы 2000 жылы құрылған, ол 23 салалық қауымдастықтың 1 500-ден астам мүшесін, ірі және орта кәсіпорындардың 100 000-нан астам қызметкерін біріктіреді. Ұйым БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) тарапынан танылған», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Жиын барысында конфедерацияның бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп, халықаралық еңбек ұйымы конвенциялары мен стандарттарына сәйкес тәжірибелер туралы баяндады.

«Paryz» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің әлеуметтік-еңбек саласындағы мүдделерін қорғау және бизнес, мемлекет пен кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту. Ұйым жұмысының басты бағыттары – қолайлы іскерлік және еңбек ортасын қалыптастыруға жәрдемдесу, еңбек заңнамасын жетілдіру үдерісіне қатысу, жұмыс берушілер – мемлекет – қызметкерлер арасындағы үшжақты комиссия аясында жұмыс берушілердің мүддесін қорғау, еңбек саласында халықаралық стандарттарды, соның ішінде Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) нормаларын ілгерілету. Сондықтан, баршаңызды конфедерацияға мүше болуға шақырамын», – деді Қаныбек Жаңбырбаев.

Кездесуде кәсіпкерлер, жұмыс берушілер конфедерация басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174