«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ішкі аудит тәртібі

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығу түбі туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға (қағидалар) сәйкес ішкі аудит – осы қағидалармен қарастырылған ішкі айналымға арналған тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты беру тәртібін сақтауға қатысты уәкілетті ұйымның («Атамекен» ҰКП) тексеру жүргізуі.

Қағидалардың 61-тармағына сәйкес тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификаттың күшін жою тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификаттың ішкі аудит нәтижелері бойынша осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкілетті ұйымның шешімімен («Атамекен» ҰКП) қабылданады.

Ішкі аудит жөніндегі комиссия мүшелеріне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабы және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48, 56, 57 және 63-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, фото және бейне тіркемесі бар қарап-тексеру жүргізу үшін тауар өндірілген жерге кедергісіз кіруге рұқсат етпеу –тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификаттың күшін жоюға  негіз болып саналады.

«Атамекен» ҰКП ішкі аудит жүргізу кезеңінде өтініш берушінің тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты алып тастауға қатысты өтінішін қарауға  қабылдамайды.

Ішкі қолданысқа арналған тауардың шығу түбі туарлы сертификатқа ішкі аудитті жүргізу тәртібін «Атамекен» ҰКП белгілейді.

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатқа ішкі аудит жүргізу тәртібін мына файлдан қарауға болады

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер