«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;

3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;

4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзге де іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:

  • кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;
  • кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;
  • ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер

Кеңес құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді.

Кеңеске өтініш жіберу тәртібі

Өңірлік кеңестерге өтініш жіберу тәртібі

Кеңеске өтініш жіберу регламенті

Еншілес ұйымдар

Серіктестер