«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ДСҰ

Дүниежүзілік сауда ұйымы 1994 жылдың сәуір айында Марракештегі конференцияда ДСҰ-ны құру туралы келісім негізінде құрылды (Марракеш келісімі).

Тұтастай алғанда, ДСҰ-ның келісімдер пакеті 50-ден астам көпжақты сауда келісімдерін біріктіреді.

2015 жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы құжаттар пакеті бекітілді және ресми қабылдануы үшін ДСҰ-ның Бас кеңесіне тапсырылды.

Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігін ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының 1994 жылы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш Келісіміне қосылуы туралы құрамына 17 міндетті келісім кіретін Хаттамаға қол қоюы, жұмысшы тобының Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы Баяндамасы, Қазақстан Республикасының тауарлар мен қызметтер нарығына қожетімділігі бойынша міндеттемелер пакеті қажет.

Хаттамаға қол қою ДСҰ-ның Бас Кеңесінің мәжілісі барысында биылғы жылғы 27 шілдеге жоспарланып отыр.  

ДСҰ-ға қосылу туралы Хаттаманы ратификациялау 2015 жылдың 31 қазанына дейінгі мерзімде жүргізілуі тиіс. Ратификациялау мерзімінен бастап 30 күн өткен соң Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады.

Ұлттық палата кәсіпкерлерді Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемелерін терең зерттеуге және халықаралық сауда жүргізудің жаңа шарттарына бейімделе бастауға шақырады.

Сонымен бірге, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «ДСҰ-ға кіргеннен кейін біз отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуден бас тартпаймыз. Бұдан былай мемлекет көрсететін қолдау шаралары халықаралық ережелерге сәйкес келуі тиіс».

Ұлттық палата, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет ДСҰ ережелеріне сәйкес отандық бизнесті қолдаудың дұрыс шараларын әзірлейтін болады деп сенеді. 

Қазақстан және ДСҰ: сұрақтар мен жауаптар

Еншілес ұйымдар

Серіктестер