«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Аппарат

Аппарат – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі.

Аппарат міндеттері:

- «Атамекен» ҚР ҰКП жүйесіндегі кадр саясатын жүзеге асыру процесін стратегиялық жоспарлау және басқару. Қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру, жұмысқа кәсіби мамандарды тарту, қызметкерлерді ұзақ мерзімді негізде ынталандыру, қызметкерлерді басқарудың заманауи әдістері мен жүйесін енгізу, бағалау, оқыту, қызметкердің кәсіби дамуы, кадр қорын қалыптастыру, корпоративтік мәдениетті дамыту;
- «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы бірыңғай құжат айналымы жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, оны жетілдіру, кәсіпкерлерге байланыс-орталығы арқылы ақпаратттық қолдау көрсету;
- «Атамекен» қызметкерлерінің жұмысын үздіксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
- «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тауар және қызмет түрін сатып алуды ұйымдастыру; 
- «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық инфрақұрылымын дамыту бойынша процестерді басқару және «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасау;
- «Атамекен» ҚР ҰКП жүйесіндегі тәуекелді төмендету процесін бақылау.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер