«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Облыстық прокуратурада Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2016 жылғы 25 Сәуір
- Қостанай облысы
5151 просмотров

Қостанайлық  бизнесмендер өздеріне жер телімдерін бөлуден бас тартқан шенеуніктердің үстінен шағым жасады.

Атап айтқанда, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына облыс орталығында құрылыс салу үшін жер алудан үміткер «СП Кушнеров»  компаниясы өтінішпен келген. Фирма қажетті мақұлдасулардан өткен және кадастрлық жұмыстардың ақысын төлеген. Алайда, қалалық әкімдік ол жердің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін резервке қойылғанын сылтауратып, жер телімін беруден бас тартқан.

Мұндай аргумент бизнесмендерді де, Палата сарапшыларын да таң қалдырды. Себебі, Резервке қою ережелеріне сәйкес, ӨКП өкілдері тиісті комиссияның құрамына кіруі тиіс. Бірақ, оның құрылғаны туралы да, оған  сарапшыларды енгізу ниеті туралы да әкімдік ескерткен емес.

«СП Кушнеров» ЖШС-не қатысты жағдайға орай айтарымыз, жер телімдерін резервке қою ережелерін бұзумен қоса, әкімдік «бекітілген жер-кадастрлық жоспардың болуының өзі оң шешім қабылдауға негіз болып табылады» делінген Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес телімді беру рәсімін де бұзған», – деп мәлімдеді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әнуар Қожахметов.

Қостанай ауданының жеке кәсіпкері Светлана Филимонованың да өз проблемасы бар. Өткен жылдың тамыз айында ол уақытша сауда павильонын орналастыратын он шаршы метр жер бөлу туралы Затобол әкімдігіне өтініш берген. Бірақ, Жер комиссиясының шешіміне ол ақыры қол жеткізе алмады.   Мемлекеттік актінің орнына әйел оған «Елді мекен аумағында құрылыс объектілерін салуға» телім берілетіні туралы шығыс мерзімі жазылмаған жазбаша хат алады, бірақ ол ешнәрсе салуды жоспарлаған емес еді, ал жерге сол қалпы қол жеткізе алмады.

«Бүгінгі күні сұрау салынған телімге Филимонованың  ешқандай құжаты жоқ, демек, ол ол жерде бизнесін жүргізе алмайды», – деді Әнуар Қожахметов.  

Палата сарапшылары сондай-ақ, көбінесе жер телімін беруден бас тарту облыс елді мекендерінің жартысынан астамында бас жоспардың болмауына байланысты дейді. Және де бұрынғыларының өзі 60-80 жылдарда бекітілген, яғни, олар ескірді және өздерінің инвестициялық тартымдылықтары мен өзектіліктерін жоғалтқан.

Шеенуніктер әдетте жаңа жоспарларды әзірлеуге арналған қаражаттың жоқтығына сілтейді. Дегенмен, Кеңес мүшелері бұл мән-жай бизнесті дамытуға кедергі болмауы тиіс деген пікірде.

«Осыған орай, жергілікті атқарушы органдарға бас жоспарларды әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсыну қажет, ал Палата мемлекеттік қызмет департаментінен әкімдіктердің жер телімдерін беру жөніндегі рәсімді қаншалықты сақтайтынын тексерулерін талап етуі тиіс. Ал,  «СП Кушнеров» және Филимонова ЖК-не қатысты мұндағы лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті қаншалықты негізді екендігін тексеру үшін бұл іске Қостанай облыстық прокуратурасының араласуы қажет», – деп түйіндеді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Вера Овсянникова. 

Кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан қолдады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер