«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Шаруалар тегін білім алады

2016 жылғы 16 Тамыз
- Қостанай облысы
5990 просмотров

Қостанай облысының үш жүзден астам ауылшаруашылық тауар өндірушілері «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинарлар аясында тегін білім алатын болды

Бұл жөнінде өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары хабарлады. Олар шаруаларға арналған тегін семинарлар «Қостанай ауыл шаруашылығын ғылыми зерттеу институты» ЖШС базасында шілде айында басталғанын және оған кез келген адам қатыса алатынын атап көрсетуде. Дәрістер өсімдік шаруашылығының болашағы бар бағыттарын қамтитын болады. Мәселен, майлы дақылдарды өсіру, дәнді дақылдарды өңдеудегі құнарлылықты арттыру және органикалық егін шаруашылығы.

Осылайша, институттың беткеұстар мамандары семинарға қатысушылармен көпжылдық зерттеу нәтижелерін бөлісіп, дәрістер оқиды деп көзделіп отыр. Ал, 15 тамызда өткен соңғы семинарлардың бірінің авторы зертхана меңгерушісі Иван Сидорин болды. Ғалым көп жылдар бойы рапсты сұрыптаумен айналысқан және оны өсіріп-өндірудің қыр-сырын жетік меңгерген. 

«Бұл дәнді-дақыл күтіміне ғылыми тұрғыдан қараған жөн. Рапсқа таза, өңделген, ылғалдылығы жоғары алқаптар керек және арамшөптермен үнемі күресіп отыру қажет. Егер оның өсіп-өнуіне қажет барлық жағдайлар жасалса, оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Біздің жағдайда, астық өнімділігінің 60%-ына қол жеткізсек те зор жетістік саналар еді, бұл экономикалық тұрғыдан да тиімді болар еді. Әр гектардан 7 центнер астық алған жағдайда, нөлдік тиімділік жағдайы орын алады. Ал, жоғарыда аталған көрсеткіш фермерге тиімді болмақ. Демек, мұндай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бар», – деді Иван Сидорин.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мамандары егін шаруашылығының өзекті әрі негізгі тақырыптарына арналған дәрістер 19 тамызға дейін жалғасатынын айтады. Ал, ай соңында мал өсіру мәселелеріне арналған семинарлар  өтпек.

«Мұндай семинарларды біз Қостанай, Таранов және Қарабалық аудандарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Семинарлардың негізгі тақырыптары – мал ауруларының алдын алу, оларды күтіп-баптаудың ерекшеліктері, төл өсіру технологиялары және т.б. Семинарлардың барлығы тегін, оған қатысу үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық бөліміне немесе Қостанайдағы біздің орталық кеңсемізге хабарласуға болады», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің басшысы Қайыр Айсин. 


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер