«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» мен «Алтын сапа» байқауларына қатысушылар үшін оқыту семинары өтті

2017 жылғы 05 Маусым
- Қостанай облысы
6263 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары байқауға қатысу үшін өтінімді қалай дұрыс беру керектігін, жеңімпаз атану үшін мүмкіндікті қалай арттыру қажеттігін, сондай-ақ жеңімпаздар қандай артықшылықтары арқылы анықталатынын түсіндірді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары отандық өнімнің сапасын анықтайтын және еліміздің кәсіпорындарын жарнамалайтын құралға айналып отыр. Бастысы, жеңімпаз болуға үміткерлер берілген құжаттарда өз компанияларының қызметін барынша танытулары керек. Сараптамалық топ сапа менеджментінің сертификаттау жүйесінің, өнімді экспорттау көлемі, отандық үлестің болу проценті, сондай-ақ мемлекеттік және бақылау органы тарапынан шағымдардың болмауына назар аударады.

«Жыл сайын қатысушылар санының артуы, көптеген қатысушылар екінші рет қатысып, жеңімпаз болуға ұмтылуы – бизнестің нарықта өз мәртебесін айқындауға деген ұмтылысы екені белгілі. Әрине бұл мақтанарлық жағдай, байқаудың беделін де арттырады. Біз еліміздің көптеген өңірлерін аралап келеміз, Қостанай – ең белсенді, жауапты өңірлердің бірі, оның үстіне осы жерде кәсіпорындардың республикалық деңгейде көрсеткіші өте жақсы, сондықтан жеңімпаз атанады. Біз әрбір үміткерде кезең-кезеңімен кеңес беруге дайынбыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП семинар дәріскері Мадина Мұқатова.

Семинарға 20-дан астам түрлі компания өкілдері қатысты. Олардың ішінде байқауға қатысуға бірден ниет білдіріп, өтініш берген компаниялар да болды. Олардың қатарында бірінші орынға үміткер, байқауға қатысуда тәжірибесі бар «S.M.F. – System» ЖШС бар. Тоқылмаған мата фабрикасы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында күміс жүлде иеленген, ал бүгінде бірінші орынға лайықты көрсеткіштері де бар.

«Біз сұрыпталымды арттырып, өткізу нарығын, өндіріс көлемін үлкейтіп келеміз. Осындай байқауда жеңімпаз болу – біздің жетістіктерімізге айтарлықтай үлес қосып, мемлекет пен бизнестегі әріптестеріміз тарапынан берілген сенім екені анық. Әрине, үздіктердің ішінде үздік болуға үмтыламыз», – дейді «S.M.F. – System» тоқылмаған мата фабрикасы» ЖШС менеджері Жандос Жақсыбаев.

Қостанай облысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі 5 шілде күні өткізіледі. Былтыр «Үздік азық-түлік тауары» аталымын «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы иеленген. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында «Еврас Кспиан Сталь» ЖШС бірінші орын алған. Ал «Халыққа арналған үздік тауар» аталымын «СарыарқаАвтопром» ЖШС» жеңіп алды. Сонымен қатар «Баян Сұлу» АҚ «Алтын Сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқаудың жеңімпазы атанды. Фабрика «Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша үздік деп танылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер