«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қытайдың бірнеше ұлттық компаниялары Қазақстан кәсіпкерлерін ынтымақтастыққа шақырады

2024 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
4702 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП басшылығы Қытайдың бірнеше ұлттық компаниялары жетекшілерімен кездесті. Тараптар ұсыныс алмасты. Олар көп: туризм, ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, тау-кен өнеркәсібі, логистика, көлік және т.б. салаларды қамтиды. Көрші мемлекеттің өкілдері Қазақстанда бірлескен бизнесті дамытуға үлкен инвестиция салуға ниетті және өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлерді Үрімші қаласының еркін экономикалық аймағында кәсіп ашып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

ШҰАА кәсіпкерлері Ұлы дала елімен танысуды Алматы қаласының өңірлік палатасындағы кездесуден бастады. Оған себеб жетерлік. Мемлекет пен бизнес арасындағы ерекше көпір бола отырып, палата халықаралық бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдау механизмдерін түсіндіреді. Келген қонақтарға ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов мемлекеттік қолдау мүмкіндітерін пайдалану бойынша, Үрімші мен Алматыда құрылған бизнес-палаталардың жұмысы, және мегаполис үшін кәсіпкерліктің басым салалары туралы түсініктеме берді.

«Мен сіздермен ең перспективалы тақырыптардың бірі — Алматыда Қытай бизнесін дамыту мүмкіндігін талқылауға қуаныштымын. Қазақстанның жүрегінде орналасқан қаланың бірегей артықшылықтары айтарлықтай. Бұл оны бизнес үшін, әсіресе шетелдік капитал үшін тартымды етеді. Алматы Орталық Азия елдерін Шығыс және Батыс Еуропамен байланыстыратын маңызды көлік торабы ретінде қызмет етеді. Бұл логистика мен сауда үшін тамаша жағдай тудырады. Біз логистикалық орталықтарды, қойма кешендерін құру, цифрлық технологияларды, құрылысты, туризмді, таза өндірістерді дамыту бойынша бірлескен жобаларды дамытудың үлкен әлеуеті көріп отырмыз. Қытайлық бизнесті қызықтыратын кез келген саланы қарастырамыз. Егер ол бүкіл кластерді, бүкіл саланы дамытатын кәсіп болса және экспортқа бағдарланатын бағыты болса, біз оны басымдық ретінде қарастырамыз. Мұндай бизнес бізге өте қызықты. Қазақстан бизнес үшін қолайлы жағдайлар мен шетелдік компаниялар үшін экономикалық преференцияларды ұсынады, ал «Атамекен» мұның бәрін дұрыс ресімдеуге және пайдалануға көмектеседі. Сонымен қатар, Алматы - жоғары білікті мамандар және көптеген оқу орындары оранласқан шаһар. Біз Қытай бизнесі үшін қызығушылық тудыратын салаларда, соның ішінде технологияларды, сабақтас өндірістер мен сервистік қызметтерді оқыту мен даярлауды дамыта аламыз», - деп атап өтті Н. Шоқанов.

Инвесторлар тау-кен өндіру, тоқыма салаларындағы экспорт-импортқа, келу және шығу туризмін, дәстүрлі медицинаны, жиһаз өндірісін және т.б. дамытуға қызығушылық танытты. Сонымен бірге Үрімші қаласының еркін экономикалық аймағында бірлескен логистикалық орталықтар құруды ұсынды.

ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов қонақтарды Үрімші мен Алматыдағы бизнес-палаталардың жұмыс принциптерімен таныстырды. «Атамекеннің» ШҚАА-ғы өкілдігі сертификаттау орталығын құрумен күшейтілетінін, бұл қажетті рұқсат құжаттарын алу процесін едәуір жеңілдететінін және жеделдететінін атап өтті. Кездесу таныстыру сипатында болды. Бірақ бұл болашақта ірі инвестициялық жобаларды құру үшін маңызы зор. Әлеуетті инвесторлар келесі сапарында нақты бизнес-жоспарларды әкелуге, ал өңірлік палата оларды арнайы тізілімге енгізуге ниетті, соған сәйкес олар мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі пайдалана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер