«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Әкімшілік сот пен Кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды: бизнес даулары татуласу арқылы шешіледі

2025 жылғы 17 Шілде
- Түркістан облысы
160 просмотров

Бүгін Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл қадам кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды тиімді шешіп, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Енді Палата өкілдері сот отырыстарына қатысып, тараптардың уәждерін тыңдау арқылы дауларды татуласу жолымен шешуге ықпал етеді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылдан бастап күшіне енгеннен бері, кәсіпкерлердің құқығын қорғауда әкімшілік соттардың рөлі артып келеді. 2023 жылы бизнес субъектілері берген талап арыздардың 60-70%-ы қанағаттандырылған.

Меморандум аясындағы ынтымақтастық бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді арттырып, кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын азайтуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер