«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістанда жанармай бекеттеріндегі өрт қауіпсіздігі талқыланды

2025 жылғы 18 Шілде
- Түркістан облысы
228 просмотров

Түркістан облысында автожанармай және автогаз құю станцияларының өкілдерімен өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында өңірде орын алған өрт оқиғаларының бейнежазбалары көрсетіліп, олардың салдары мен келтірген материалдық шығындарына назар аударылды. Мамандар нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудың салдары аса ауыр болатынын айтып, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізу арқылы өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және алдын алу жұмыстарын күшейту. Шара соңында нысандарда анықталған қауіп төндіретін бұзушылықтарды жою бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер